Пайдаланған әдебиеттер: Негізгі: 1.Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Лесбеков Р.Б. Алматы, 2007
2.Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Смайл М. Талдықорған, 2008
3.Спорттық физиология. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы ТайжановС.Қ.2006
Қосымша: 1.Спорттық физиологияның әдістері. Қазақ спорт және туризм академиясы. Әдістемелік құрал. Қарақов А.2007
2.Бұлшықет жиырылу механизмі. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы 2008
3.Спортивная физиология: Учебник для институтов физической культуры. Я.М.Коша, М.ФиС 2010
№27Лекция
Сабақтың тақырыбы: Ауыр атлетиканың физиологиялық сипаттамасы Сабақтың жоспары: 1.Күрестің физиологиялық сипаттамасы 2.Семсерлесудің физиологиялық сипаттамасы. 3.Ауыр атлетиканың физиологиялық сипаттамасы 1.Күрестің барлық түрлерінің (классикалық, еркін күрес, дзюдо, самбо) әр түрлі болады, бірақ барлық түрінің өзіне тән ерекшеліктері ауыспалы қарқында болады. Сондықтан оларға жалпы физиологиялық мінездеме беруге тұрады.
Күрес спорттың бір қалыпты емес айналмалы емес қозғалысты, ауыспалы қуатты түріне жатады. Ұстасқан кезде динамикалық шапшаң күш пайдалану, ал кейбір кезде өзіндік күш жұмсау сияқты жұмыс кезектесіп келеді, бұлшықет топтарының статикалық толқуы болады. Жаттығуларды орындау барысында күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік қалыптасады.
Күрес жүйке жүйесіне белгілі жағдайда қалай қимыл жасау керектігіне, сонымен қатар қозғалыс аппаратына және сенсорлық жүйеге белгілі талаптар қояды.
Қозғаушы аппарат. Күресшілердің қаңқа бұлшық еттері гипертрофияға ұшыраған. Бұлшық еттерге қатысты күш (дененің 1кг салмағына қатысты) жоғарғы дәрежедегі маманданған спортшыларда спортпен айналыспаған адамдардан 2-2,5 рет көп. Дайындық үшін жасалынған затты бүгіліп тұрып лақтыру біраз күш жұмсауды қажет етеді. Ол күш 200кг дейін жетеді.
Жаттығу жұмыстарының барысында және жарыс кезіндегі ұстасуда бұлшық ет анаэробтық жұмыс жағдайында қалыптасады.
Тыныс алу. Күрес кезінде тыныс алу жиілігі 1 минут ішінде 40-50рет болады. Бұл кезде тыныс алу жиілігі тұрақты болмайды. Статикалық ұстасу қарбаласы кезінде тыныс алу сирек, ұстасудан кейін тыныс алу жиі болады. Жақсы жаттыққан палуандар тыныс алуды өздері басқара алады. Сондықтан Лингард феномені оларда аз байқалады, ал дайындығы жоқ адамдарда Лингард феномені көп болады.
Палуандардың оттекке сұраныс 16-37л мөлшерінде, оттегін пайдалану – 1,8 2л/мин. Ұстасудан кейін оттекке қарызы 25-43% тең болады.
Палуандарда анаэробтық мүмкіншіліктің өсуіне қатар, ОТШ көтерілуі үлкен мәнге ие болады. Сонымен жақсы жаттыққан маман спортшыларда ол 4,1 4,6л/мин немесе 57мл/мин/кг болады.
Қан айналу мүшелері. Палуандарда ЖСЖ күрес кезінде 170-200уд/мин. Артериалдық қан қысымы 160-180ммрт.ст дейін көтеріледі. Қайталанып артық күш жұмсау салдарынан жүректің дұрыс жұмыс атқаруына салқынын тигізеді.
Маманданған палуандардың жүрегінің көлемі 719-1248см3 мөлшерінде болады. Бірақ оның салмағы және бойы есепке алынады. Спортшылардың жүрегінің көлемі орташа 69см3/ кг, спортпен айналыспаған адамдардың жүрегенің көлемі 50см3/кг мөлшерінде болады.
Қан құрамы. Қандағы эритроциттер және гемоглобиндер саны палуандардың күреске түсіп ұстасуы кезінде көбейеді. Ұстасу аяқталған соң нейтрофилдік фаза миоген лейкоцитоз фазасы болуы байқалады. Қандағы қант концентрациясы жоғары көтеріледі, сүт қышқылының құрамы 100-130мг% көрсетеді.
Бөліп шығару мүшелері. Күрес кезінде жедел тер шығару пайда болып, денедегі суды сыртқа шағарудың салдарынан дененің салмағы азаяды. Кіші дәрет құрамында сыртқа шығатын заттардың көбейуі орын алып кейде белок пайда болады.
2.Семсерлесу физиологиялық сипаттамасы бойынша жоғарыда жазылған стандартты емес физикалық жатығулардан айрықша ерекшеленеді.
Жүйке жүйесі және қимыл аппараты. Семсерлесу қимылдың күрделі үйлесімділігімен сипатталады. Спорттың бұл түрінде жақсы нәтиже көрсету үшін сайыс әрекетінің шапшаңдығы, дұрыс таңдау бағыты және рапирамен немесе қылышпен дәл тигізу қажет. Ол үшін дер кезінде және нақты көз ақпараты және оның тез өңделуі қажет. Семсерлесушінің қимыл қызметін нәтижелі басқару жүйке процестерінің жоғары жылжымалылығын талап етеді және ол бойынша қарапайым, күрделі көз-қимыл реакцияларының ұзақтығын анықтауға болады. Ю.В.Ваганов мәліметгері бойынша қаруы бар семсерлесушілерде қарапайым реакцияның жасырын уақыты орта есеппен 335м/секундты құрайды. Екі тітіркендіргішті таңдау кезінде күрделі реакциялар орта есеппен — 375м/секунд, төрт тітіркендіргішті тандау кезінде -443м/секунд, сегіз тітіркендіргішті таңдау кезінде -552м/секундқа ұзарады. Жоғары дәрежелі семсерлесушілерде реакциялардың жасырын уақыты қысқарады.
Спортшының бұлшық еттері сайыс кезінде көбірек динамикалық шапшаң жұмысты орындайды. Бірақ семсерлесу кезінде өзіндік дене қалпын ұстау қажеттілігі тұлға, аяқ-қол бұлшық. еттерінің салыстырмалы ұзақ статикалық кернеуін талап етеді. Бұлшық еттердің жұмысы көбінесе анаэробты жағдайда орындалады.
Семсерлесушілерде сайыс кезінде пайда болатын вегетативті өзгерістер салыстырмалы қысқа мерзімді тез орындалатын жұмысқа тән. Жұмыстың ауыспалы қуаттылығына және қимылдың циклді еместігіне қарамастан жаттығу сабағы кезінде семсерлесушілерде 3-7 минутқа созылатын бабына ену кезеңін және 30-40 минутқа созылатын ең жоғарғы жұмыс қабілетінің кезеңін байқауға болады. Бұлардан кейін шаршаудың алғашқы белгілері пайда болады. Ең жоғарғы жұмыс қабілеті кезеңінде қимыл реакцияларының жасырын кезеңінің орташа ұзақтығы — 354м/секундты құрайды, реакцияның қимыл компоненті — 405м/секунд, түйреу дәлдігі - 58%-ды құрайды. Шаршау пайда болғаннан кейін қимыл реакцияларының ұзақтығы ұзарады, ал түйреу дәлдігі төмендейді (К.Ю.Ажицкий).