Пайдаланған әдебиеттер: Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Лесбеков Р.Б. Алматы, 2007
Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Смайл М. Талдықорған, 2008
Спорттық физиология. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы ТайжановС.Қ.2006
№29 Лекция
Сабақтың тақырыбы: Гимнастикадағы қимылдардың физиологиялық жіктелуі. Сабақтың жоспары: 1.Гимнастикалық жаттығуларды орындау кезіндегі кеңістік пен уақыт бойынша бағдарлану. 2.Гимнасшылардың күшін дамыту бойынша жаттығулар. 1.Спортшыға алаңсыз дайындалып, нәтиже көрсету үшін сапалы жаттығуына жағдай жасалынуы керек. Міне гимнастикаға басты жетіспейтіні – осы. Мен қазақстанның көптеген қалаларында обылыстарында болдым. Өкінішке қарай, Қазақстанның бірде – бір қаласында талапқа сай жағдай жасалмаған. Керек десең, арнайы жабдықталған, дені дұрыс зал жоқ. Астанаға теннис кортында таңертең екі сағат, түс қайта үш сағат қана жаттығу жасататын. Мәскеуде күніне сегіз- тоғыз сағатқа дейін жаттықтырады. Міне, толық қанды жаттығудың сағаты осындай болуы керек. Нәтижесінде талап етпес бұрын, осы кемшіліктің орнын толтырып алу қажет. Солай бола тұрса да Қазақстанның гимнасшылары Азияда алдыңғы орындарда жүреді. Еуропадан Мәскеуге талапкерлер жаттығу үшін жиі келеді де, біздің елге жоламайды.
1991 жылға дейін Алматыда спорттық гимнастикадан 14 мектеп болған. Балалар мен қыздар тегін жаттығып, сайыстарға қатысқан, жүлделі орындар алып, оқу-жаттығу жиындарына барып тұрған. Бірте-бірте мектептер саны азайып, қазіргі кезде тек біреуі ғана қалған. Бүгін біз Индира Хаметчинамен бірге Қазақстандағы спорттық гимнастиканың тарихына қысқаша шолу жасаймыз.
Еліміздегі спорттық гимнастика тарихы 1920 жылдары бастау алған. Қазақстанның алғашқы чемпионаты 1936 жылдың 24 сәуірінде төрт команданың қатысуымен өткен. Ұлы Отан соғысы кезінде спортшылардың майданға аттануына байланысты сайыстар өткізілмеген. Осы спорт түрі дамуының екінші кезеңі ҰОС аяқталғаннан кейін басталды. Сол кезде сайыстар жүйелі түрде өткізіліп, бірыңғай жіктеу бағдарламасы бекітілген. Қазақ ССР-да қыздар арасында тұңғыш спорт шебері болып Надежда Абдулкина атанды. Ол Қазақстанның жеті дүркін чемпионы болып табылады.
Әдемі жүріс, ерекше киім үлгісі, ырғақпен қозғалу. Мұның бәрі- көркем гимнастикадан табылады. Бір қуантарлығы, спорттың сұлу түрімен шұғылданатындар қатары Қызылордада күн санап артып келеді. Мына шынашақтай қыз Мәскеуге барып, танымал көркем гимнастшылардан сабақ алған алғашқы қызылордалық. Есімі – Гүлден Бердібек. Келешегінен көп үміт күттіретін ол – өзі құралпы құрбыларымен бір топта өнер көрсетеді. Жуырда жекелей сайыста да бағын сынап көрді. Үздіктер көшінен көрінді. Сыр өңірі атынан түрлі додада өнер көрсетіп жүрген гимнастшылардың тағы бірі –Диана Қанатбек. Көркем гимнастикаға кеш келді, 9 жасынан айналысады. Десе де, қаршадай қыз аз тәжірибесіне қарамастан, қарым-қабілеті мен ерік-жігерінің арқасында ел чемпионаттарында тіпті , халықаралық жарыстан да жүлделі оралған. Тәуелсіз Қазақстанда аталмыш спорттың қанат жаюын Азияның абсолютті чемпионы Әлия Юсупованың атымен байланыстырамыз. Ал, Сыр бойында көркем гимнастика бөлімшесінің ашылғанына биыл 5 жыл толып отыр. Гүлмира Әбсұлтанқызы - облыс бойынша көркем гимнастикадан аға жаттықтырушы. Ол 60-тан аса жеткіншектерге көркем гимнастиканың әліппесінен бастап үйретіп келеді. Қазір, шәкірттерін үлкен жарысқа дайындауда. Ақпанның 25-сінде Астана қаласында өтетін ел чемпионатында топтық сын бойынша қызылордалық өрендер бірінші рет өнер көрсетеді. Сондай-ақ, 4-і мен 8-ші наурыз аралығында ҚР Кубогі үшін жарыс өтеді. Онда жекелей сында 5 сырбойылық арудың бабы мен бағы сыналады. Ал, наурыз айында Қызылордада алғаш рет көркем гимнастикадан республикалық деңгейде ашық чемпионат өтеді деп күтілуде. Бұл дода «Сыр жұлдыздарының» - 5 жылдық мерейтойына арналмақ.
Гимнастика – мектептегі дене шынықтыру бағдарламасының негізгі бөлімі. Жеткіншектер мен жасөспірімдерді тәрбиелеуде дене тәрбиесінің тиімді құралы. Сонымен қатар балалардың денсаулығын сауықтыруға және олардың дене сапаларының жетілуіне ықпал етеді. Соңғы жылдары гимнастика түрлері көбейді, олар ырғақты гимнастика, атлетикалық гимнастика, шейпинг, стрейчинг, йога, т.б
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.
Бақылау сұрақтары:
1.Гимнастикалық жаттығуларды орындау кезіндегі кеңістік пен уақыт бойынша бағдарлану.
2.Гимнасшылардың күшін дамыту бойынша жаттығулар.