Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары



бет63/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
Физиология лек. жинағы

Пайдаланған әдебиеттер:
Негізгі:
1.Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Лесбеков Р.Б. Алматы, 2007
2.Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Смайл М. Талдықорған, 2008
3.Спорттық физиология. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы ТайжановС.Қ.2006
Қосымша :
1.Спорттық физиологияның әдістері. Қазақ спорт және туризм академиясы. Әдістемелік құрал. Қарақов А.2007
2.Бұлшықет жиырылу механизмі. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы 2008
3.Спортивная физиология: Учебник для институтов физической культуры. Я.М.Коша, М.ФиС 2010

28 Лекция


Сабақтың тақырыбы: Гимнастиканың физиологиялық сипаттамасы
Сабақтың жоспары:
1.Спорттық гимнастика
2. Көркем гимнастика
3.Акробатика
Орындалу сапасы бойынша бағаланатын көптеген жаттығулар үлкен күшті, немесе тездікті, немесе кеңістіктегі дәлдікті қажет етеді, бірақ олар жарыс кезінде күштің, уақыттың және кеңістіктегі мөлшерлік өлшем бірлігімен емес, баллмен бағаланады. Бұл жаттығуларда спортшының өз қимылын басқару қабілеттілігі, бұлшық еттің жиырылу жылдамдылығы мен күшін дәл мөлшерлеу, дене бөліктері қозғалысының үйлестігін қамтамасыз етуі, әсіресе үш өлшемді кеңістікте дененің бір орыннан екінші орынға ауысуын басқару қабілеттілігі, дене бөліктерінің өзара қозғалысы алғашқы орынға шығады. Бұл топтағы барлық жаттығулар қимыл мәнерлілігін талап етеді. Жарыс кезінде спортшының өнер көрсету сапасын бағалау кезінде олардың орындалуының эстетикалық, көркемдік жағы маңызды роль атқарады. Орындалатын жаттығулар жеке қимыл актілерінен тұратын күрделі комбинация болып табылады. Алдымен жеке қимылдар бөлек үйретіледі, содан кейін ажырамайтын бүгін күрделі қимыл түзіледі.Барлық жаттығуларда айқын динамикалық стереотип болады. Тек қана жаттығулардың қимыл түрі ғаңа емес, сонымен қатар үйлестік құрылымы да, күші және бұлшық ет жиырылу жылдамдығы да стереотипті болады. Бұл топтағы жаттығулар әр түрлі афферентті жүйелердің қатысуымен сипатталады. Күрделі жағдайда тепе-теңдікті сақтау, кеңістікте дененің әр түрлі қалпындағы қимыл әрекеттерді жетілдіру, бір қимыл үйлестігін екіншісімен тез ауыстыру қажеттілігі — мұның бәрі қимыл аппаратынан, теріден, кіреберіс және көру мүшелерінің рецепторларнан түсетін ақпараттарды тез және дәл талдауын талап етеді.
Бұл топтағы жаттығулардың ұзақтығы әр түрлі бірнеше секундтан (акробатика, суға секіру), бірнеше ондаған секунтарға (спорттық гимнастика) және бірнеше минуттарға (мәнерлеп сырғанау) созылады. Бұл осы аталған жаттығуларды жоғары және субмаксималды қуаттағы аймаққа жатқызуды айғақтайды.
Жоғарыдағы жаттығулардың негізгі белгісі олардың жоғары эмоциялылығы. Бұл ішкі секреция бездері қызметінің жоғары болуымен байланысты.Спорттық және көркемдік гимнастикада, мәнерлеп сырғанауда өнер көрсету кезінде қимылдың эмоциялық сферасы жоғары болады,кортикостероидтардың бөліну қызметі жоғарылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет