Сабақтың тақырыбы: Бұлттық технологияларды қолдану салалары Күтілетін нәтиже



бет5/7
Дата07.01.2022
өлшемі299,95 Kb.
#17163
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Бұлттық сервис көмегімен ойнау
Жыл сайын шынайы әрі технологиялық жағынан күрделі ойындар пайда болуда. Бұл ойыншылардың компьютерін үнемі жаңартуды талап етеді. Ол өте қымбатқа түседі. Бұлтты гейминг ойыншының компьютерінде немесе приставкасында емес, компания серверіндегі ойындарға қол жеткізу арқылы осы мәселені шешеді.

Бұл жүйе жаңа ойын үшін компьютерді өзгертпейді, қолданушы мен құрылғылардың орналасқан жеріне қарамастан, ойынға кіруге мүмкіндік береді. Есептеу операциялары қашықтағы серверде өңделеді, сондықтан бұл ойындарды компьютердің кез- келген түрінде ойнауға болады.



Сауда саласында
Ритейлде кассалық чектерден алынған ақпарат, бейілділік карталарының деректері, дүкенге келушілердің саны, қоймалардағы тауардың көлемі сияқты мәлімет көп болады. Бұл ақпаратты өңдеу үшін, ресурстардың үлкен көлемі қажет.
Сауда саласында бұлттық сервистер процестерді оңтайландыру мен шығындарды азайтуға бағытталған. Тауар дүкендерге уақытында әрі жақсы қалпында келуі үшін, логистика талаптары мен ерекшеліктеріне қарай жобаланған арнайы құралдар бар. Мамандар олардың көмегімен тасымалдаудың оңтайлы схемасын таңдайды, тауардың қозғалысын бақылайды және көлік жоспарын түзетеді, көлік қызметтерін көрсету кезінде туындайтын барлық шығын тіркеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет