Сабақтың тақырыбы Бөлім: 1 Заттардың тасымалдануы



бет1/3
Дата10.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#81165
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
9 кл 5 зерт




№65 ЖББОМ
білім беру ұйымының атауы


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Зертханалық жұмыс №5 «Ішкі факторларды: Буландыратын беттің ауданы және бұл беттік ауданның өсімдік көлеміне қатынасының (кутикула мен лептесіктер) транспирация үдерісіне әсері»
сабақтың тақырыбы



Бөлім:

9.1 Заттардың тасымалдануы

Мұғалімнің аты-жөні:

Жолдыбаева Айгерім Құттыбайқызы

Күні: 19.10.2022ж

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы:

Зертханалық жұмыс №5 «Ішкі факторларды: Буландыратын беттің ауданы және бұл беттік ауданның өсімдік көлеміне қатынасының (кутикула мен лептесіктер) транспирация үдерісіне әсері»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

9.1.3.3 - ішкі және сыртқы факторлардың транспирацияға әсерін зерттеу

Сабақтың мақсаты:

Ішкі және сыртқы факторлардың транспирацияға әсерін зерттей алады.

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.
3. Оқушыларды топтарға біріктіру.



Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.
1 топ: Кітап
2 топ: Дәптер
3 топ: Қаламсап



Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптері
Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы


(Қазіргі жағдайда) ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.Трансптрация дегеніміз не? Ол қандай негізгі үш қызмет атқарады?
2. Лептесік деген не? Оның құрылысы қандай? Қайда орналасады?
3.Транспирацияға әсер ететін «сыртқы факторлардың» «ішкі факторлардан» қандай айырмашылықтары бар?





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет