Сабақтың тақырыбы: Бұрыш. Бұрыш түрлері



бет1/4
Дата25.11.2023
өлшемі0,69 Mb.
#126604
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
brysh.brysh-trler-syr-doal-tk-.

Күні:
Сабақтың тақырыбы: Бұрыш.Бұрыш түрлері (сүйір, доғал, тік).


Сабақтың мақсаты: бұрыш түрлерімен (сүйір, доғал, тік) таныстыру; олардың атауларын оқып – үйрену; жаңа білімді өз бетімен құру және пайдалану дағдысын қалыптыстыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, есептеу.
Сабақта қолданылытын педагогикалық технология: дамыта оқыту технологиясы
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, ақ парақ, маркер, стикер,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Психологиялық дайындық:
Шаттық шеңберін құру. Бір – біріне тақырыпқа байланысты сәттілк тілейді.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Дұрыс жауабын конверт арқылы беру. Әр есепке 1 ұпайдан беріледі.
№445
1) 12a5∙2= 120a 4) 9x+7x+3x꞊19x 7) 8(x+6) – 28 =8x+20
2) 4b∙25∙7=700b 5) 15y – 6y +8y =17y 8) 7(2x+3) – 10x =4x +21
3) 15c∙9∙4= 540c 6) 52x – 16x+9x=45x 9) 4(9x+7) - 26x = 10x+ 28
ІҮ. Жаңа сабақ. тақырыбын анықтау
1 топқа Санасаң, бір үйде төртеу бар,
Қаласаң, аузыңды өртейтін нәр. (бұрыш)
Балаларды жазалайтын фигура. (бұрыш)
2 топқа ребус

3 топқа Бұрыштың градустық өлшемі
4 топқа Транспортир
«Кім? Қашан? Қайда?» әдісі бойынша жаңа сабақты меңгерту.
1 топ. Бұрыш ұғымы қашан пайда болды?
«Бұрыштар елі»
Ертеде бұрыштар патшалығы болыпты. Патшалықта салмағы 200 кг үлкен тастар болыпты. Бұрыштар патшасы: - Егер кімде – кім осы алып тасты иығымен бір күн бойы көтеріп тұра алса, сол бұрышқа қызымды беремін - депті. Осыны естіген көрші ауылдағы ағайынды үш бұрыш Доғалбай, Сүйірбай, Тікбай сынақтан өтуге келеді. Тасты көтеріп кештен таңға дейін тұрған аға бұрыш қатты шаршап кетіп, белін жаза бергенде, белі кілт ете қалып белі шалқайып қалыпты. Содан бері бұл бұрыш «доғал» бұрыш деп аталып кетіпті. Ал екіншісі еңкейе бергенде белі бүкірейіп, белін көтере алмай қалыпты. Содан бері бұл бұрышты «сүйір» бұрыш деп атап кетіпті. Ал, ортаншы бұрыш таң атқанша тасты тіп – тіке көтеріп тұрыпты. Содан бері осы бұрышты тікбұрыш деп атап, қалған бұрыштар осы бұрышқа қарап бой түзепті.
2 топ. Бұрыш ұғымын ғылымға кім енгізді?
бұрыш белгісін 18 ғасырда француз математикгі Пьер Эригон енгізді.
Пьер Эригон тік бұрыш үшін ∟ белгіні қолданды.
3 топ. Қазіргі уақытта қайда қолданылады?
Зергерлік бұйымдар жасауда. Әртүрлі кәдесыйлар жасауда. Жиһаздар жасауда, т.б қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет