Сабақтық тақырыбы: Цилиндр Оқытушы: Айтмухамбетова Б. Е. Топ: 14-эп-2 Қаралды жжнп бірлестігі отырысы №1 (1)



бет3/6
Дата25.04.2023
өлшемі231,05 Kb.
#86803
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
цилиндр

Жаңа тақырыпты түсіндіру

ЦИЛИНДР
Өзара тең екі дөңгелектен және осы шеңберлердің сәйкес нүктелерін қосатын кесінділерден тұратын денені цилиндр деп атаймыз.
Егер анықтама дұрыс айтылмаса, қателерін түзеп, толықтырып өзім дұрыс вариантын айтамын.
Алдыңғы сабақта кімге үйде «айналу денелері» туралы мәлімет қарастырып келуге бергенімді анықтап, сол студентті тақтаға шығарамын. (Студент қарастырып келген мәліметімен топпен бөліседі). Содан өзім толықтырамын.
Айналу денелері
Практикада бізге фигураларды жазықтықта бұруға қарағанда, фигураларды кеңістікте осьтен айналдыра бұру жиі кездеседі. Біз күнделікті өмірде денелердің өз осінен айналуын бақылап та,
куә болып та жүрміз. Мысалы, Жер Күнді айнала қозғала отырып, өз осінен де айналады. Күннің де өз айналу осі бар және ол өз осінен айналады. Диірмен ебелектерінің (қалақтарының) қозғалысы фигураның өз осінен айналуына мысал бола алады. Сонымен қатар есікті ашқанда - бұл есіктің(тікбұрышты параллелепипедтің өз осінен айналуы(топсалар орналасқан түзу - оның айналу осі. Осындай мысалдарды техникадан да келтіруге болады: самолеттің ебелектері, турбиналардың айналу валдары, станоктардың айналу тетіктері және т. б.

Айналу осітері бар, яғни қайсыбір осьтен белгілі бір бұрышқа айналдырғанда өзіне - өзі көшетін фигураларда кездеседі. Мысалы шахмат фигурасының, вазаның айналу осьтері бар.


Айналу осьтері, әсіресе дөңгелек фигураларда – cферада, шарда, цилиндрде, конуста болады. Сондықтан оларды кейде айналу денелері деп те атайды.
Цилиндр айналу денесі дегенді қалай түсінесіңдер? Айналу денесі ретінде анықтамасын беріңдер
Анықтама: Тіктөртбұрышты бір қабырғасынан айналдырғанда шығатын денені цилиндр деп атаймыз.
Дөңгелектер цилиндрдің табандары деп аталады, ал олардың радиусы цилиндрдің радиусы деп аталады. Дөңгелектердің сәйкес нүктелерін қосатын кесінділерді цилиндрдің жасаушылары деп атайды. Цилиндрдің биіктігі деп табан жазықтықтарының ара қашықтығын атайды.
Цилиндрдің осі деп табандарының центрлерінен өтетін түзуді атайды.

Егер цилиндрдің жасаушылары табандарына перпендикуляр, яғни цилиндрдің биіктігіне тең болса, онда цилиндр тік дөңгелек цилиндр деп аталады.
Егер цилиндрдің жасаушылары табандарына қандай да бір а бұрыш жасап көлбеген болса, онда цилиндрді көлбеу цилиндр деп аталады.

Енді цилиндрдің толық бетінің ауданын анықтайық:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет