Өздерінің арнайы пәндерінде қолданылатын цилиндр пішінді жабдықтырдың толық бетінің ауданын табу
Қабинеттегі бар цилинрдлердің өлшемдері бойынша толық бетінің ауданын табу
Есептер шығару
№1 есеп. Қабырғалары 4 м және 6 м болатын тең тіктөртбұрыштар әр түрлі екі цилиндрдің осьтік қимасы болып табылады. Цилиндр аудандарының ең үлкені нешеге тең? (42 кв.м, қазақтың алфавитіндегі әріп саны - 42).
№2 есеп. Цилиндр осіне параллель қиманың осы остен қашықтығы 4 –ке тең. Цилиндр радиусы 5, биіктігі 5-ке тең болса, қиманың ауданы неге тең? (30 кв.м, 30-тамыз конституция күні)
№3 есеп. Ұзындығы 8 м, диаметрі 32 см түтікше қаңылтырдың ауданын табыңдар. (256 кв.м, кейбір флешкалардың көлемі)
Бекіту сұрақтары.
Цилиндр дегеніміз не?
Бағалау. Сабаққа қатысуларына байланысты студенттерге әділ баға қоямын.
Үйге тапсырма:Өз мамандықтарыңда қолданылатын цилиндрлер қайда кездесетінін іздестіру, олар туралы толық мәлімет дайындау және 1, 4, 5 есептер, оқулық «Геометрия 7-11», Погорелов А.Н.
Цилиндр (көне грекше: — білік, цилиндр)[1] цилиндр немесе цилиндрлік бет — берілген бағытқа параллель және бағыттауыш сызық арқылы өтетін кеңістіктің жасаушы түзулерінің жиыны;
тұйық цилиндрлік бетпен және өзара параллель екі жазықтықпен (Цилиндр табандары) шектелген дене . Егер Цилиндрдің табандары оның жасаушыларына перпендикуляр болса, онда ол тік Цилиндр деп аталады. Табандары дөңгелек болып келген тік Цилиндрді тік дөңгелек Цилиндр не дөңгелек Цилиндр деп атайды . Мұндай Цилиндрдің көлемі V=πr2h-қа, ал бүйір беті S=2πrh-қа тең, мұндағы r — Цилиндр табанының радиусы, h — Цилиндр биіктігі. Цилиндрдің табанына параллель емес жазықтықпен қиылған бөлігін қиылған Цилиндр деп атайды . Қиылған дөңгелек Цилиндрдің көлемі ,
h1, h2 — Цилиндрдің ең үлкен және ең кіші жасаушыларының кесіндісі.
сыртқы не ішкі цилиндрлік беттері бар тетік.[2]
Цилиндр еместік (орыс.Нецилиндричность) — цилиндірліктен ауытқу, қалыпты ұзындықтың бойында алынған нақты беттің нүктелерінен жанама цилиндрге дейінгі ең үлкен қашықтық.
Цилиндрлік (орыс.Цилиндричность) — нақты беттің жанама цилиндрге жақындығы.