Сабақтық тақырыбы: Цилиндр Оқытушы: Айтмухамбетова Б. Е. Топ: 14-эп-2 Қаралды жжнп бірлестігі отырысы №1 (1)



бет4/6
Дата25.04.2023
өлшемі231,05 Kb.
#86803
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Sц.б.б. =2πRh
Sтаб =2πR2
Sц.тол.беті =2πRh + 2πR2 = 2πR(h + R)
h-цилиндр биіктігі, R – табанының радиусы



Цилиндр қимасы (электронды оқулық арқылы көрсетіледі)
Осьтік қима. Бұл цилиндрдің осі арқылы өтетін қима. Екі қабырғалары – жасаушылары, ал екі қабырлары – табан диаметрлері.



Табан жазықтықтарына параллель жүргізілген қима. Бұл жағдайда қима дөңгелек болып келеді және ол табандарына тең.
Эллипстік қима. Ал басқа жағдайларда қима эллипс болады да, ол цилиндрді екі қиық цилиндрлерге бөледі. Қиық цилиндр келесі сабақта өтеміз.

  • Есіктеп біреу кіріп келіп:

- Мына жерден өтіп келе жатып сендердің мен туралы айтып жатқандарыңды естіп қалдым. Мен туралы барлығын дерлік айттыңдар, бірақ, бірақ.... менің ата тегімді айтпадыңдар. Сол үшін сендерге өзімнің шығу тегімді айтайын деп келіп тұрмын. Мен гректің «κύλινδρος», ал латынның «Кulindros» («цилиндрус») сөзінен алынған, қазақша мағынасы “валик”- “оқтау” дегенді білдіреді. Міне қараңдаршы оқтаудай домаланып тұрмын. Кезінде 16-17 ғасырларда мен ақсүйектердің сәніне айналған цилиндр деген мынадай қалпақ та болғанмын. Қазірдің өзінде менсіз өмірді елестету мүмкін емес. Сөзіме мыналар дәлел бола алады:

Цилиндр өмірде. Презентациядан суреттер көрсетіледі.
Біз үй ішінде немесе көшеде цилиндр пішінді заттарды жиі кездестіреміз. Завод фабрика моржалары, ғимарат бағандары, цистерналар, қауақтар мен кір тастары, барабандар мен тиындар-осы заттардың әр қайсысының пішіні цилиндрді азды-көпті еске түсіреді. Тіптен өткен бір кездерде еркектердің биік төбелі қалпақтары да цилиндрге ұқсас болатын, сондықтан да ол цилиндр деп аталатын. Ішінде цилиндр тәрізді поршені әрлі –берлі қозғалып тұратын камерада цилиндр деп аталады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет