Сабақ ұстанымы: «Естігінімді ұмытып қаламын, көргенімді есімде сақтаймын, істегенімді түсінемін» Конфуций
Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару, үй тапсырмасын нақтылау.
Үй тапсырмасын тексеру. Документ-сканер арқылы үйге берілген есептердің дұрыс-бұрыстығын тексерейік. (Бағасы аз студенттердің үйтапсырмасын тексеремін. Тексере отырып қалған студенттердің қателерін түзеткізіп, дұрыс нұсқаны жазғызамын. )
Қайталау сұрақтары:
а) Партадан әр түрлі пішіндерді алады. Олардың ішінде сұрақтар жасырылған. Сұраққа жауап беріп болған соң пішіннің артындағы жасырын мәтінді оқиды. Онда таңдаған пішіндері бойынша психологиялық және гоеметриялық жеке тұлғаның өз бойындағы қасиеттерді анықтайды.
Сұрақтары: Шаршы: оның ауданы мен ұзындығы қалай табылады?
Үшбұрыш: үшбұрыштың ауданын табатын кемінде екі формула айт
Төртбұрыш: оның ауданы мен ұзындығы қалай табамыз?
Дөңгелек: дөңгелектің ауданы мен ұзындығын анықтайтын формула қалай?
Тұлғаның қасиеті: Шаршы: қайраткер, еңбекқор, ұйымшыл, дәл қатаң тәртіпті, үнемшіл
Үшбұрыш: лидер, билікке ұмтылғыш, қайткен күнде жеңіске жетеді.
Төртбұрыш: Білуге құштар, барлық жаңаға жаны құмар, батыл, бейбітшіл.
Дөңгелек: қолы ашық, өзгені түсінетін, байсалды, сенгіш, достары көп.
б) Енді өткен сабақтың материалын қайталайық:
Пирамида деген не?
Пирамиданың биіктігі?
Пирамида апофемасы?
Пирамиданың бүйір беті?
Пирамиданың толық беті?
в) Ал, қане, экранға назар аударайық. Кім тақтаға шығып экрандағы денелердің аттарын атап береді?
Біреуді тақтаға шығарып денелерді анықтатамын. Денелердің ең ақыры болып бүгінгі жаңа тақырыптағы цилиндр тұрады. Осы жерде жаңа тақырыпты атап, тақтаға жазамын.
- Кім мына столда жатқан пішіндерден цилиндр жасап береді?
- Сонымен цилиндр дегеніміз не?
- Кім айтады?