Оқушыларға «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісінен үзіндісі бейне таспадан көрсетіледі. Бейне таспа бойынша оқушының ойы тыңдалады.
Оқушылар үзіндіден етістікті табады. Тапқан етістікті күрделі етістікке айналдыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамын, ереже шығартамын.
Оқушыларға 375-жаттығуды ауызша орындау арқылы дәлелдетемін.
Бекіту (10 минут)
|
Көркем жазуға «Табиғат» сөзін жаздыртамын.
376- жаттығуды жаңа сабақты бекіту мақсатында тақтаға орындатамын. Берілген дара етістіктерді күрделі етістікке айналдыртамын. Мысалы: Ұшты-ұшып кетті, ұшып барады, ұшып келді.
|
Сергіту сәті (2 минут)
|
АКТ қолдану «Ква-ква» би ырғағымен
|
Оқулық пен тақтамен жұмыс (5 минут)
|
Тақтаға 377- жаттығуды орындатамын. Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құрауға ұсынамын. Жазылған сөйлем ішінен етістікті тапқызамын. Етістіктің сөйлем ішінде келгенде баяндауыштың қызметін атқаратыны туралы мағлұмат беремін.
|
Шығармашылық жұмыс
(5минут)
|
Топтық жұмыс. Оқушыларға монитор арқылы бейне сюжет көрсетемін. Сол бейне сюжеттің желісі бойынша етістіктерді тапқызамын да, күрделі етістікке айналдыртамын.
|
Семантикалық карта бойынша жұмыс (5 минут)
|
Оқушының аты-жөні____________________________________
|