Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сан есімдер 116-сабақ Тексерілді: Директордың оіжо пәні



Дата19.05.2023
өлшемі0,77 Mb.
#95326
түріСабақ
Байланысты:
ҚМЖ 17.04.2023


Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
«Білім беру ұйымы орта мектебі» КММ
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сан есімдер
116-сабақ Тексерілді: Директордың ОІЖО

Пәні:

Қазақ тілі

Бөлім:

Ғарышқа саяхат

Педагогтің аты-жөні:

Канагатова М.Н.

Күні:

17.04.2023

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

116 сабақ. Дара және күрделі сан есімдер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

4.1.1.1 тыңдаған материал бойынша негізгі тұсын түртіп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айту
4.3.6.1 каллиграфиялық нормаларды сақтау және жазу техникасын жетілдіру

Сабақтың мақсаты

Тыңдаған мәтіннің негізгі тұстарын белгілейді,сөйлемнен сан есімдерді тауып,дара немесе күрделі екенін айтады

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//
уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдас
тыру

Өткен білімді еске түсіру


Жаңа білім

Бекіту
Кері байланыс





Сабаққа дайындық
Психологиялық ахуалды қалыптастыру
Өткенді қайталау
Квест ойыны «Ғарышқа Саяхат»
Жаңа тақырып
54 жаттығу
Топтық тапсырма
1 топ
Тыңдаған мәтіннің негізгі тұстарын белгілеп алып мазмұнын айтыңдар
2 топ
Мәтіннің мазмұны бойынша диалог құраңдар
3 топ
Мәтіннен сан есімдерді тауып, сұрақ қою керек. Екі және жиырма екі сан есімдерді салыстырыңдар. Әрқайсысында сөз саны бірдей ма


Жаңа сабақ видеосы
Ережемен жұмыс жасау
Сәйкестендіру тапсырмасы
«Түтікше» ойыны
Сергіту сәті
Сөйлемдер тізбегін толықтыру

дара
Білгенің- бір тоғыз,


күрделі
білмегенің тоқсан тоғыз.


Жазба жұмысы
56- жаттығу Цифрмен берілген сан есімдерді сөзбен жазу
Дара дара күрд күрд
Жеті, тоғыз, он бір, жиырма жеті,
Күрделі күрделі
бір жүз сексен тоғыз, алты жүз жиырма


ЕБҚ-тапсырма
59-жаттығу Мәтінді оқып, кестені толтыру
Білім теңізі
58-жаттығу
С МАҒЫНАСЫ
А СҰРАҚТАРЫ
Н ЕСЕПТІК
Е РЕТТІК
С ДАРА
І КҮРДЕЛІ
М


Үй тапсырмасы

55 жаттығу



Нейро жаттығу

Ойында кездескен 5 кезеңнен өту үшін сұрақтарға жауап береді


Топта талқылап
1 топ мазмұнын айтады,
2 топ мәтін бойынша диалог құрады,
3 топ мәтіннен сан есімдерді теріп алып сұрақ қояды
Видео көреді
Видео бойынша ереже шығарады.
Диалог құрайды.
Ғаламшар бейнесіндегі сандарды галлактикаға орналастырады

Слайдтта шыққан бейнені қайталап билейді.


Берілген мақал-мәтелдерге көп нүктенің орнына қажетті сан есімдерді қояды.
Ережені айтады
Көшіріп жазады,
Сан есімдерді сөзбен жазады жазады
Кестедегі сұрақтарға жауапты 59 жаттығудан іздейді.

Қайықтарын Білім теңізіне орналастырады


Кері байланыс жасайды

Ережені пысықтайды


Үй тапсырмасын алады



Мадақтаулар арқылы бағалап отыру

ҚБ: фри әдісі бойынша, дұрыс жауабын айтады-1Б


ҚБ: Фри әдісі
Дұрыс жауап фри таяқшасы беріледі

ҚБ: Фри әдісі


Дескриптор:
Сан есімдерді дара және күрделі сан есімдерге бөлу табады-1Б

Мадақтау
ҚБ: «Фри»әдісі


Дескриптор:
Сан есімдерді сөзбен жазып,олардың дара немесе күрделі екенін табады-1Б
ҚБ: «Фри»әдісі
Дескриптор:
Берілген сандарды еемлені сақтай отыра жазу
1 Б
ҚБ: «Фри»әдісі
Дескриптор:
Сұрақтарға жауап жазып, сандарды дара ма, күрделі ма соны табады

Тамаша




Суреттер

презентация# 3-38


Презентация
# 39

Презентация#40


Видеоролик
Дара және күрделі сан есімдер
Презентация
#41-42
Презентация
#43-58

Презентация


#60-61

Оқулық

Кесте
Оқулық


Кері байланыс парақтары, суреттер




Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гиясының «Дара және күрделі сан есімдер» тақырыбында өткен ашық сабақ
Күні: 17.04.2023 ж
Қатысуға тиісті:23
Қатысқаны:23
Тақырыбы: Дара және күрделі сан есімдер
Мақсаты: 4.1.1.1 тыңдаған материал бойынша негізгі тұсын түртіп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айту
4.3.6.1 каллиграфиялық нормаларды сақтау және жазу техникасын жетілдіру
Тыңдаған мәтіннің негізгі тұстарын белгілейді,сөйлемнен сан есімдерді тауып,дара немесе күрделі екенін айтады
Ашық сабақтың ұйымдастыру бөлімінде «Нейро жаттығу» әдісі бойынша оқушылар ұстазбен қол алысып, құшақтасу арқылы амандасып жағымды көңіл-күй тудырды. Сабақ ары қарай «Ғарышқа саяхат» деп аталатын квест ойынымен жалғасты. Бұл ойын үй тапсырмасын сұрап, және өткен сабақты еске түсіру үшін қолданылды. Ойынның шарты бойынша 5 кезеңнен тұратын тапсырмаларды орындап келесіге өтіп отыру керек. Әр дұрыс жауапта оқушылар келесі кезеңге өтуімен қатар фри таяқшаларымен марапатталып отырды. Бұл ойын оқушылардың қызығушылығын арттырып барлық оқушы бірігіп тапсырманы тез әрі толық орындады.
Келесіде жаңа тақырыпқа көшу мақсатында топтық тапсырма берілді. Берілген мәтіннен бір топ мазмұнын айтып, екінші топ диалог құрап, үшінші топ мәтін ішіндегі сан есімдерді теріп жазып алу керек. Осы тапсырмаларды орындағанда оқушылар ортада бірігіп жұмыс істеуге дағдыланды. Әр оқушы топтық жұмысқа өз үлесін қосуға тырысты. Орындалған тапсырмалар бойынша дара және күрделі сан есімдердің ережесін оқушылар өздері шығарды.
Канагатова Мадина Нурлановна Дара және күрделі сан есімдер тақырыбында видеоролик көрсетіп, қысқаша түсінік берді. Теориялық сәттен кейін «Түтікше» әдісімен қызықты ойын болды, әр түрлі сандар жазылған ғаламшарлар мен аспан денелерін түтікшемен сорып алып дара және күрделі сан есімдер деп аталған галлактиға орналастырды. Бұл әдісте теариялық бөлімнен алған білімдерін тексеруге арналған тапсрыма болды.Бұл әдістің тиімділігі оқушы ойын арқылы өткен тақырыпты есінде тез сақтап алады.
Келесі кезең сергіту сәті болды. Әдемі көңілді музыкамен қосылып дене жаттығуларын жасап көңілдері көтеріліп қалды.
Келесі тапсырма сөйлемдер тізбегін толықтыру болды. Презентациядан мақал-мәтелдер көрсетілді, ортасында көп нүктенің орнына қажетті сан есімдерді қою керек болды. Және дұрыс шыққан мақалдың мағынасын түсіндіріп береді. Бұл тапсырма оқушылардың тапқырлығын, ойын толық жеткізе білуін жетілдіреді.

Оқулықпен жұмысқа 54 жаттығуды орындады, жаттығуда цифрмен берілген сандарды сөзбен көшіріп жазу керек. Бұл тапсырмада оқушылар сан есімнің жазылу емлесін естеріне сақтады. Күрделі сандарда әр цифр бөлек сөз болып жазылатынын түсінді.


Бекітуге кесте толықтыру тапсырмасы берілді. Алдарына мәтін және мәтін бойынша сұрақтары бар кесте таратылды. Сұраққа жауап бере отырып, сан есімдерді дара және күрделі деп екі топқа бөліп жазды.
Кері байланысқа «Білім теңізі» әдісі қолданылды. Сабақты жақсытүсіндік деген балалар өз қайықтарын білім теңізіне орналастырды. Түсінбеген балалар Ереже шығанағына қайықтарын орналастыру керек болатын. Барлық оқушылар сабақты түсінген.
Осы әдіс тәсілдер тапсырмалар арқылы таныстырылып, әрқайсысының мақсаты мен дескрипторын оқушыларға таныстырып отырды. Ашық сабақта қызықты интербелсенді әдіс-тәсілдер қолданылғандықтан барлық оқушылар үнемі ізденіс үстінде болды және қызығушылықтары жоғары болды. Ашық сабақ өз мақсатына жетті.



Түтікше әдісі





Нейро жаттығумен амандасу

Диалаог

Топтық жұмысты қорғауда


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет