Сабақтың тақырыбы: Дастарқан тәрбиесі дәм-тұз киесі Оқу мақсаты



бет3/7
Дата19.06.2023
өлшемі35,51 Kb.
#102209
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
18-cабақ. Дастарқан тәрбиесі – дәм-тұз киесі

Мәтінді мұқият тыңдаңыз!
Дастарқан тәрбиесі –дәм-тұз киесі
Қазақ халқы дастарқан тәрбиесіне ерекше мән берген. Әдетте, әрбір отбасы асқа отырар алдында қол жуады. Онан соң дастарқан жайып, отбасы мүшелері түгел жиналып, жас мөлшеріне қарай төрден бастап дастарқанды айнала отырып тамақтанады. Күнделікті отбасының тамақтануына жайылған дастарқан басындағы асты алдымен ата – анаға, үлкенге ұсынады.
Асқа отырғанда басқалардың алдында тағамға озбырланып қол созбау, тамақты олай-бұлай араластырмау, тамақты ағызып-тамызып, төгіп-шашпау қажет. Ас үстіне келген адамдарға дәм татқызып, үлкен кісілер келсе, тұрып орын беру, басқалар тамақ ішіп жатқанда «болдым» деп орнынан тұрып жүріп кетпеу, теріс қарап отырмау, дастарқанға бата жасалған соң тұру сияқты жөн-жоралғылар үйретіледі.
Қазақ халқы «Тазалығың жақсы болса, денің сау болады», «Ауру мен дерттің анасы – ластық», «Қол мен ауызды жумай ас ішкенің – тас ішкенің» деп, сусын мен азық-түлік тазалығына мұқият қараған. Тіпті, «Тазалығы жоқтан ар-ұят сұрама» деп тазалықты ар-ұятпен сабақтастырған. Ас-тағамдарды таза қолдану, ет-сүтті әбден пісіріп барып пайдалану, тамақтың алдында, соңынан қол жуып, ауыз шайқау, азық-түліктердің бетін ашық-шашық тастамай жауып жүру, тісті аршадан басқа нәрсемен шұқымау сияқты толып жатқан ғылыми қағидаларды түсіндіріп, ұрпақтарының таза, ретті азамат болып жетілуіне күш салады.
Дастарқан дәмі - киелі. Оны татып, келісімін бұзса, астың киесі ұрады дейді. «Тал бесіктен жер бесікке дейін» кітабынан



Сабақ тақырыбы бойынша негізгі мәселені анықтау.

Мәтінді мұқият тыңдайды.

5 слайд




Сабақтың ортасы



1-тапсырма. Мәтінде көтерілген мәселе бойынша эмоционалды-экспрессивті сөздерді, мақал-мәтелдерді қолданып диалог құраңыз.
Жауап үлгісі:
Болат, дәм-тұз киесі деген ұғымды сен қалай түсінесің?
«Тәрбие – тал бесіктен» дегендей, қазақ халқы ұрпақтарына дастарқанды құт-береке, бақыт-байлық, ырыс-ынтымақтың ұйытқысы деп ұғындырған. Қандай жерде азықтанса да, ең алдымен, «бісміллә» деп дастарқан жайып барып азықтануды үйреткен. Нанды және тұзды «киесі атады» деп баспаған. Яғни, кие деген ұғымды қасиет ұғымымен де байланыстырған деп ойлаймын. Өзіңе де сұрағым бар, Дәурен. Халқымыз асқа отыруда қандай ұлттық жоралғыларға мән берген екен?
Қазақ халқы ұрпақтарына «үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» жасауды үйреткен. Дастарқан басындағы асты алдымен ата- анаға, үлкенге ұсыну, дастарқанға жасына қарай отыру және бата жасалған соң тұру сияқты халқымызға тән жоралғыларға мән берген.
Дәурен, достарыңа қандай әдеттерден арылуға кеңес берер едің?
«Ас атасы-нан» деп халқымыз бекер айтпаған ғой, кейде жолда келе жатып жерде жатқан нан қиқымын көргенде жүрегім ауырады.
Дұрыс айтасың, Дәурен. «Дастарқан дәмі -киелі» деген сөз осыдан шықса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет