Сабақтың тақырыбы: Дастарқан тәрбиесі дәм-тұз киесі Оқу мақсаты


-Ыңғайластық мәндегі жалғаулықтар



бет7/7
Дата19.06.2023
өлшемі35,51 Kb.
#102209
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
-Ыңғайластық мәндегі жалғаулықтар(жалғаулық шылаулар: және, мен,(бен, пен), да (де, та, те), әрі). Мысалы: Әсет пен Мұса келді.
-Қарсылық мәндегі жалғаулықтар(жалғаулық шылаулар:бірақ, дегенмен, сонда да, алайда, әйтсе де, әйткенмен, сөйтсе де т.б.). Мысалы: Көктем келді, бірақ күн жылынбады.
-Себеп-салдар мәндегі жалғаулықтар(жалғаулық шылаулар:сондықтан, сол үшін, өйткені, себебі, сол себепті т.б.). Мысалы:Мақсат үлкен, сондықтан әрекет ету керек.
-Талғаулық және кезектес мәндегі жалғаулықтар(жалғаулық шылаулар:не, немесе, я болмаса, әлде т.б. бірде, біресе, кейде т.б.). Мысалы:Оны не мен, не сен істейсің.

Атау септігіне қатысты септеуліктер(шылаулар: туралы, жайында, үшін, арқылы, тәрізді, секілді т.б.). Мысалы: Отан үшін отқа түс, күймейсің.
Барыс септігіне қатысты септеуліктер(шылаулар: дейін, шейін, тарта, жуық, қарай т.б.). Мысалы:Түске дейін жүзге жуық хат жібердік.
Шығыс септігіне қатысты септеуліктер(шылаулар:кейін, бұрын, гөрі, ары, бері, соң т.б.). Мысалы: Бұдан әрі оның сөзін ести алмадым.
Көмектес септігіне қатысты септеуліктер(шылаулар:бірге, қабат, қатар). Мысалы: Мен әкеммен бірге жұмыс істедім.



Сұраулық мағына(ма, ме, ба, бе, па, пе, ше). Мысалы: Жаңбыр жауса ше?
Күшейткіш мағына(-ақ, -ау, -ай, әсіресе, да, де, та, те). Мысалы: Сен-ақ шаршаттың.
Болжалдық мағына(-ау, -мыс, -міс, кейде). Мысалы: Ертеде бір әулие кісі болыпты-мыс.
Болымсыздық мағына(түгіл, тұрсын, тұрмақ). Мысалы: Сен түгіл мен де барған емеспін.
Шектік мағына(ғана, қана, тек, -ақ). Мысалы: Сол ғана келді.
Нақтылау мағына(ғой, қой, -ды, -ді, -ты, -ті). Мысалы: Бұл оқиға бұрын болған-ды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет