Сабақтың тақырыбы: Дастарқан тәрбиесі дәм-тұз киесі Оқу мақсаты



бет4/7
Дата19.06.2023
өлшемі35,51 Kb.
#102209
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
18-cабақ. Дастарқан тәрбиесі – дәм-тұз киесі

2-тапсырма. Сыныпта «Тазалығы жоқтан ар-ұят сұрама» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды делік. Пікірталаста сіз тақырыпқа қатысты қандай дұрыс шешім қабылдай аласыз? Өз пікіріңізді «Төрт сөйлем» әдісімен дәлелдеңіз. Сөйлеу барысында мақал қолданыңыз.
Пікір. Тақырып бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз.
Дәлел. Пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір.
Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жазыңыз.
Жауап үлгісі:
Менің ойымша, қазақ халқы дастарқан тәрбиесінде тазалыққа мән бермеген салақ адамдарды ар-ұяты жоқ деп бағалаған. Тамақтың алдында, соңынан қол жуу, ауыз шайқау, жеміс-жидектерді жуып, ас-тағамдарды таза қолдану, ет-сүтті әбден пісіріп барып пайдалану сияқты әдеттерге дағдыланбаған адамды мәдениетті адам қатарына жатқызуға болмайды. Қазіргі кездегі ауру мен дерттің көбейіп кету себептерінің бірі – адамдардың осындай қарапайым қағидаларды ескермеуі, тазалықты сақтамауы. Ендеше, ар-ұятты адам болам десек, «тазалық – денсаулық кепілі» екенін ұмытпайық!

Оқу мақсатына бағытталған тапсырмалар

1-тапсырма.
Дескриптор:
-мәтінде көтерілген мәселені анықтайды.
-диалог құрайды;
-мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді қолданады;

3-тапсырма.
Дескриптор:
-тақырыпқа қатысты пікір білдіреді;
- дұрыс шешім қабылдайды;
-мақал-мәтелдерді қолданады.


6-7 слайд

8-9 слайд











Тілдік бағдар.
Шылау – сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады және өзі тіркескен сөзге қосымша мағына беретін сөз табы. Шылаудың белгілері:

  1. Шылаудың лексикалық мағынасы жоқ;

  2. Шылау сөйлем мүшесі бола алмайды;

  3. Шылау түрленбейді(шылауға жалғау жалғанбайды)

Шылау мағынасы мен сөйлемдегі қызметіне қарай 3-ке бөлінеді.(таблица төменде берілді)






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет