Сабақтың тақырыбы: Дәл бүгіннен бастап Оқу мақсаттары



бет2/4
Дата19.06.2023
өлшемі20,26 Kb.
#102248
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
27-сабақ. Дәл бүгіннен бастап

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны






Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1 минут

Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, қымбатты 5-сынып оқушылары!
Қазақ тілі сабағына қош келдіңіздер!
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Дәл бүгіннен бастап.
Бүгінгі сабақта: қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысады.
Сіздердің білетіндерің: Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайсыңдар.




Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын бақылайды.



Презентация





2 минут

Жаңа сабақ

Мұғалім жаңа сабақты әр түрлі тәсілмен түсіндіреді
Оқшау сөздер – сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түспей, дауыс ырғағы арқылы ерекшеленетін сөздер мен сөз тіркестері. Оқшау сөздер сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды, сөйлемде ойды нақтылай түсіп, басқа сөздермен мағыналық қарым-қатынаста болады. Өзге мүшелермен қабыса, матаса, меңгеріле, қиыса байланыспай, оқшауланып тұрады. Оқшау сөздердің мағыналық белгілері оқиға желісінің кімге, неге арналғандығын (-Балақай, сурет сала білесің бе?), айтушының оған деген көзқарасын
(-Меніңше, бүгін Алматыда жаңбыр жауады), көңіл-күй, сезім толқынысын (-Апыр-ай, сөзің сүйектен өтті-ау!) білдіру мақсатында қолданылады. Оқшау сөздер мағыналық белгілері мен жасалу жолдарына қарай одағай, қаратпа, қыстырма сөздерге жіктеледі.








7 минут

Тапсырмалар

1-тапсырма.
«ПОПС формуласы» арқылы Абайдың отыз бірінші қарасөзіндегі айтылған қағидалар өзіне не үшін қажет болатынын білдіріңдер.
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша...»
Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсінемін...»
Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...»
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім...»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет