Сабақтың тақырыбы Денсаулық туралы негізгі түсініктер


Ортасы Дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсытудың маңызы туралы ақпараттандыру



бет14/158
Дата20.05.2022
өлшемі7,02 Mb.
#35129
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   158
Ортасы

Дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсытудың маңызы туралы ақпараттандыру.
Мақсаты: Арнайы тапсырмаларды орындай отырып жеңіл атлетика бөліміндегі негізгі дағдыларды жетілдіру, оқыту мақсаттарын шешу. Жеке қозғалыс әрекеттерді сынамалау. Денені қыздыру мен босаңсытудың маңыздылығын түсіну.
Сипаттама: Оқушылар шағын топтарда ақылдаса отырып жеңіл атлетика бөліміндегі дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсытудың маңыздылығын түсіндіруге тырысады. Жаттығуларды көрсету барысында жүру, жүгіру, секіру секілді негізгі қозғалыс жаттығулары арқылы дағдыларын жетілдіру әрекеттері жүзеге асырылады.
Мұғалім әрекеті:
- тапсырмаларды орындау орынын, құрал-жабдықтарды дайындайды;
- сыныпты бірнеше шағын топтарға бөледі (сергіту сәттері арқылы топтарға бөлу);
- оқушыларға жеке топ ретінде өзіндік дене жаттығуларын жасақтап көрсетуді ұсынады;
- жаттығудың аты мен рөлдерін нақтылауды талап етеді;
- тапсырманы түсіндіреді;
- тапсырмаларды орындау кезінде жарақаттануды болдырмау мақсатында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді;
- тапсырмаларды орындау кезінде жетілдіру керек дағдыларды, әрбір оқушының жеке жетістіктерін айтып тұрады;
- оқушылардың өзін-өзі бағалауын, өзара бағалауын бірі-бірлеріне ауызша баға беру арқылы жүзеге асырады;
Келесідей сұрақтар қою арқылы білімді бекітеді:
Топтық жұмыстың артықшылықтарын айта алар ма едіңіз?
Оқушы әрекеті:
Оқушылар үш-төрт адамнан тұратын шағын топтарға бөлінеді.
1-әрекет. Жаңа сабақ барысында игерген дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсытудың маңызы түсіндіре отырып, жаттығудың маңыздылығын айта отырып көрсетеді. Топтағы іс-әрекеттерді бөліп көрсетеді.
2-әрекет. Оқушылар шағын топта ақылдаса отырып өздерінің дене жаттығуларын жасақтайды, сынамалап көреді, ұсынады.
3-әрекет. Шағын топтарда жасақталған жаттығуды ұсыну. Оқушылар жаттығудың атын айтады, ойыншылардың әрекетін түсіндіреді.
Тапсырмаларды орындау деңгейін бағалау үшін дескрипторлар:
- дене жаттығуларының маңыздылығын түсіндіреді;
- шағын топта белсенділік танытады, жаттығудың кем дегенде 5-6 түрін көрсетеді;
Бағалау:Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.
Уақыт қалса қимыл-қозғалыс ойындарын ойнату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет