Сабақ бойыншарефлексия Мұғалімнің ең басты міндеті - өзінің кәсіби біліктілігін тұрақты, жүйелі, шынайы түрде дамыту. «Кәсіби даму дегеніміз тәжірибе және рефлексия» деген ұстанымға сәйкес әр сабақтан кейін (тәжірибе) мұғалім сабақты талдау мен бағалау арқылы оның ұтымды жақтары мен жақсартуға қажетті тұстарын айқындап, өз тәжірибесін қалай дамытуға болатындығын айқындау дағдыларын қалыптастыруы керек.
Осы мақсатта сабақтан кейін өз сабағын талдау барысында мұғалім бұл бөлімге сабақ туралы өз пікірлерін жазады. Бұл үшін мынандай сұрақтарғаа жауап беру ұсынылады:
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Әрине, бұл сұрақтардың тізімін жалғастыра беруге болады. Пайғамбарымыз (ҒС) «Көркем сұрақ – ғылымның жартысы» деп айтқан екен, демек осы сынды сұрақтарды өзіне қойып, оларға шынайы түрде жауап беру арқылы мұғалімнің өз сабағын бағалап, кәсіби дамытуын жалғастыра түсетіндігі анық.
Рефлексиялық сұрақтарды құрастырғанда мына бір идеяны басшылыққа алу қажет: «Қалыптастырушы бағалау теориясы аясында білім алушыларды қолдау үдерісінің негізі төмендегідей үш сұрақтан тұруы қажет: «білім алушылар оқудың қай сатысында тұр?», «өз оқуында олар қайда ұмтылады?» және «соған жету үшін оларға қандай көмек көрсету қажет?», бұл сұрақтар оқудағы үш қатысушымен тікелей байланысады (мұғалім, сыныптас және білім алушы)» - (Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдіст. құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен. - Астана, 2016. - 46 б. /18 б.).
Барлық сұрақтар осы үш сауал ауқымында құрастырылғаны дұрыс.
Қорытынды бағамдау Бұл бөлімде мұғалім «Сабағымнан қандай қорытынды шығарамын? Өзмнің педагогикалық қоржынымды қандай идеялармен толықтырамын?» деген сұрақтарға жауап бере отырып, өз сабағын талдау барысында алған ең басты қорытындыларын жазады.