Сабақтың тақырыбы Дүниежүзі аймақтарының табиғи ресурстық әлеуеті



бет7/16
Дата13.02.2023
өлшемі0,49 Mb.
#67578
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Барлық оқушылар: Мұнда оқу мақсаттары қайталанады. Оқушылардың 100% қол жеткізуі керек болғандықтан мұғалім мұнда барлық оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеруі керек.
Мысалы, жоғарыдағы оқу мақсаты мұнда мынандай түрде келтірілуі мүмкін: «Оқушылар 9 геометриялық фигуралардың барлығын да бір бірінен ажыратады және атайды». Мұндағы таным деңгейлері «Білу» («атайды») және Түсіну («ажыратады»).
Ал 7-сынып тарих сабағының «Қазақ хандығы жерлерін Хақназар хан кеңейте алды ма?» тақырыбы бойынша «7.3.1.10. Қазақ хандарының мемлекетті өркендетудегі рөлін анықтау» және «7.3.2.6. Қазақ хандарының сыртқы саясатын анықтап, нәтижелерін талдау» атты екі оқу мақсатын былай көрсетуге болады: «Барлық оқушылар: 1) Қазақ хандарының мемлекетті өркендетудегі рөлін анықтайды (Түсіну); 2) Қазақ хандарының сыртқы саясатын анықтап, нәтижелерін талдайды (Талдау)».
Оқушылардың басым бөлігі: Оқу мақсатттарына (көрсетпесе де болады) қоса оқушылардың оқу қабілеттеріне қарай нәтижені күрделендіру. Мысалы, оқу мақсаттары «Білу» және «Түсіну» деңгейлерінде болса, онда оқушылардың басым бөлігі бұған қоса «Қолдану» немесе «Талдау» деңгейлеріндегі мақсаттарға қол жеткізуі керек.
Жоғарыдағы тарих пәнінің мақсатын мұнда былайша көрсетілуі мүмкін: «Оқушылардың басым бөлігі XV ғасырдың басындағы Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының орта ғасырлық мектептердің ішіндегі алатын орнын анықтайды» (Талдау).
Кейбір оқушылар: Оқу мақсаттары мен оқушылардың басым бөлігі үшін (көрсетпесе де болады) белгіленген мақсаттармен бірге шығармашылық және зерттеушілік дағдыларды дамытатын мақсаттарды нақтылау: мәселен, «Талдау», «Жинақтау» немесе «Бағалау» деңгейлерінде.
Жоғарыдағы мақсатты былай көрсетуге болады: «Кейбір оқушылар Хақназар тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатының нәтижелерін бағалап, 5-тен кем емес дәлелдер келтіреді» (Бағалау).


Бағалау критерийлері
Бағалау критерийлерінің синонимдері «жетістік критерийлері», «табыс критерийлері», «күтілетін нәтиже»: кей сабақ жоспарларында оларды осылайша атайды.
Бағалау критерийлерін «Оқушылардың оқу мақсатына жеткендігінің, үйренгендігінің дәлелі не болмақ? Оқушылардың үйренгенін қандай нәтижеден көреміз?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы айқындау қажет. «Бағалау критерийлері – мұғалім мен оқушыға қалыптастырушы бағалау кезінде оқытудың мақсатына қол жеткізгенін тануға мүмкіндік беретін тұжырым (табыс критерийі)» («Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы).
1, 2, 5, 7-сыныптарда бағалау критерийлерін оқу мақсатына байланысты «Қалыптастырушы бағалау бойынша мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулықтан» алуға болады. Ал басқа сыныптарда қалыптастырушы бағалау таңдалмаған оқу мақсаттары үшін бағалау критерийлерін мұғалімнің өзі құрастыруы керек.
Бұл туралы әдістемелік нұсқау хат былай дейді: «Әр оқу мақсаты бойынша бағалау критерийлерін мұғалім әзірлеуі тиіс. Сондай-ақ, мұғалім өзінің білім алушыларының дайындық деңгейіне сәйкес келсе, ЖӘК порталына орналастырылған жиынтық бағалау бойынша жинақтардағы бағалау критерийлерін пайдалануға құқығы бар. Бастауыш мектептің өзінде оқыту процесі білім алушылардың функционалдық сауаттылықтары мен кең ауқымды дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Бұл ретте оқыту процесі дәстүрлі оқыту процесінен алшақтағанын және күтілетін нәтижелерге негізделетінін есте сақтау қажет. Күтілетін нәтижелер алты білім салалары бойынша анықталады және іс-әрекеттік аспектісін көрсетеді, яғни білім алушылар «біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «жинақтайды», «бағалайды» (2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017, 213 б.).
Мұнда мына мәселеге назар аудару керек. Бағалау критерийлері оқушылардың сабақ мақсаттарына емес, оқу мақсаттарына жеткен-жетпегендігін өлшеуі керек, яғни бұл жерде барлық оқушылардың үйрену нәтижелері қарастырылады.
Мысал келтірейік. 1-сынып математикасындағы «1.3.1.1. Геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір бірінен ажырату және атау» мақсаты бойынша «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы. Математика. 1-сынып» жинағы (Астана, 2016, 23 б.) мынандай бағалау критерийлерін келтіреді: «Білім алушы геометриялық фигураларды (нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрыш) бір бірінен ажыратады және атайды». Яғни, оқушылардың сабақ мақсатына жеткен-жетпегендігін, үйрену деңгейін оның геометриялық фигураларды дұрыс атай алатындығы мен оларды бір-бірінен ажырата алатындығынан көруге болады. Бұл сабақ барысында оқушыларға осы екі мәселені (атау және ажырату) жүзеге асыра алатындығын айқындайтын тапсырмалар беру керек деген сөз.
Тарих сабағында мынандай бағалау критерийлерін құрастыруға болады: «1) Қазақ хандарының мемлекетті өркендетудегі рөлін бір-бірімен салыстыра анықтайды; 2) Қазақ хандарының сыртқы саясатын картаны қолдана отырып анықтап, нәтижелерін талдайды».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет