Ұйымдастыру 2 мин
Қызығушы
лықты ояту
3 мин
Жаңа білім
4 мин
10 мин
5мин
10 мин
2мин
Сабақты бекіту
5мин
Үйге тапсырма)
2 мин
Кері байланыс
2 мин
|
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру,жағымды көңіл-күй қалыптастыру
Үй тапсырмасын тексеру
Жетекші сұрақ қою:
-Бұл суреттер мен бүгінгі сабағымыздың арасында қандай байланыс болуы мүмкін?
Сабақтың тақырыбымен,оқу мақсатымен таныстырамын.
Оқылым алдындағы тапсырма:
1.Стильдің қандай түрлерін білесіңдер?
2. Публицистикалық стильдің сипаты,қолданылу аясы туралы не айтар едіңдер?
3.Көркем әдебиет стилінің ерекшеліктері қандай?
Оқылым тапсырмасы:
Тапсырма
Екі мәтінді түсініп оқып, мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдаңдар
1-мәтін
Қазақстан-әлемдегі саяси тұрақтылығы бекем елдердің бірі. Біздің елімізде сан ұлттың өкілі татулық пен достықтың буынын бекітіп, әлемдік дамудың көшбасшысы болуға ұмтылып келеді. Осы тұрғыда мемлекеттің бірден-бір алға қойып мақтанар айнасы – этносаралық татуластық.Жер шарының картасына көз салсақ, қазақ жерінің ұлан-байтақ атырапты алып жатқанын көреміз. Қазақ елінің көңілі де дәл сондай, кең, дархан. Соның арқасында, Қазақстан жерінде 130-дан аса ұлт өкілдері татулықта өмір сүріп келеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеті – достықты нығайту ғана емес, оған қоса әр ұлттың тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту бағытында түрлі іс-шаралар өткізу болып табылады. Елбасымыздың толеранттылық ұстанымына сәйкес өзге ұлт өкілдері де қазақ тілін, тарихын, мәдениетін, дәстүрін жете білуі керек.
Киелі қазақ шаңырағына уық болып қадалған өзге этнос өкілдері «Қазақстан – достық пен татулықтың шынайы мекені» дегенді ұранға айналдырған.
2-мәтін
...Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен бірі туысқан
Қол ұстасқан ел жатыр.
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Маңғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, қалмақ, грузин,
Орыс пенен украин,
Терезесі тең жатыр.
Алатау, Кавказ ұласып,
Баурайы бұйрат кең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр
Отанымда естимін,
Алыстан жаудың дабырын.
Жауға қарсы аттанған,
Қаһарлы халық дабылын,
Күншығыста ер қытай,
Еліне тиген қасқырдың
Қақпаққа жатыр азуын.
Адуын жауға оқ жұмсап,
Көрдің бе елдің қағуын,
Осынау соңғы майданда
Туысқан көрші елдердің, —
Мен де күтем өлеңмен,
Жеке теңдік алуын.
Арылма, өлең, арылма!
Домбырам күйден жаңылма!
Арнал, жырым, көсемге,
Сталиндей бағыма!
Ұлы Сталин, Жамбылың —
Сайрап жүр гүлді бағыңда;
Он бір орда тіккіздің
Күндей күшті заңыңда.
Сол ордалар ішінде
Еркін жүріп жырлаймын
Туысқан елдер шаттығын,
Жасарған қайта шағымда.
(Ж.Жабаев)
|