Сабақтың ортасы
|
ІІ. Мағынаны тану. Тапсырма: «Әдеби шеңбер» әдісімен тапсырмаларды орындайды.
1-оқушы-талқылаушы
1. Дулат Бабатайұлы өмірі мен шығармашылығына байланысты 3-4 сұрақ құрастырады.
2.Соңында сыныппен бөлісе алатындай өз тобының жауаптарын жазады.
2-оқушы-байланыстырушы
1. Дулат Бабатайұлы шығармашылығындағы автор көтерген мәселе мен шынайы өмір арасындағы байланыстарды табады.
2.Оларды тізіп жазады, тобымен бөлісіп талқылайды.
4-оқушы-қорытындылаушы
1.Дулат Бабатайұлы шығармаларының тақырыбын, идеясын, автордың айтайын деген ойын қорытындылайды.
2. Маңызды жерлерін атап көрсетеді. Оларды қорытындыдан бөлек жазады.
5-оқушы-суреттеуші
1. Дулат Бабатайұлы шығармашылығы бойынша нақты оқиғаларға қатысты сурет салады.
2.Салған суретіне сараптама жасай ала ма, мағынасын түсіндіре ала ма, ойланады.
(топ ішінде жұмыс жасауға уақыт белгіленеді.)
Топтық бағалау.
Дескриптор:
| |
Автор көзқарасына қатысты маңызды бөліктерді белгілейді
|
- автор көтерген мәселе мен шынайы өмір арасындағы байланыстарды табады.
| |
Тапсырма 2.
«Пазл»
О қушылар мәтін мазұнымен танысады. Топта ақылдаса отырып, 4 оқушы шығарманы өзара бөліп алып, шығарманы оқып шығады. Әр оқушы шығарма мазмұнын 1 минуттуан айтып шығады.
Найман-сыбан руы көшіп-қонған, Балқаш пен Аягөз аралығындағы өңірде туған. Арабша сауат ашып оқыған, өз кезіндегі көзі ашық, алдыңғы қатарлы адамдардың бірі. Оның жазбалары арқылы XVII ғасырда өмір сүрген Ақтамберді жыраудың өлең түріндегі туындылары сақталған.
Дулат Бабатайұлы – өлеңдері типографияда басылып, кітап болып жарық көрген тұңғыш қазақ ақыны. «Өсиетнама» атты алғашқы жинағын 1880 жылы баспаға Мүлкен Сейілұлы даярлап, алғаш рет Қазанда басылып шыққан. Жинақтағы жыр көлемі 800 жолдай.
Дулат өлеңдерінің қолжазбаларын сақтағандар - Ғаббас Байділдәұлы мен Шәкір Әбенұлы. Ақын өлеңдерінің 1500-нен астам жолы – теңдесі жоқ рухани мұра.
Ақын өлеңдерінде халықтың ауыр жағдайы, орыс отаршылдығы, олардың жағымсыз қылықтары суреттелген («Тегімді менің сұрасаң», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Асқар таудың сәні жоқ», «Сүлейменге», «Бараққа», «Кеңесбайға»). 1940-1950 жж. Дулат шығармалары әдеби дау нысанына айналды. Оның шығармашылығын орта мектептерде оқытуға тыйым салынды.
М. Әуезов «Абай жолы» романында оның тәлімгерін Барлас деген жалған есіммен береді. Абай Дулат өлеңдерін мұқият зерттеп, оның кей тұстарын пайдаланған. Мысалы, «Болыс болдым, мінеки» өлеңінде Дулаттың болыс жайлы жазған өлеңінің сарыны байқалады. Дулат қазақ поэзиясына ұйқастың жаңа түрін әкелген: «а а а б». Мұны кейін Абай да пайдаланған.
Дулат – сатиралық жанрда қалам тербеген алғашқы ақын. Оның өлеңдері көбінде дидактикалық әрі ғибратты сарында. Зерттеуші Қ. Өмірәлиев Д. Бабатайұлының барлық шығармаларын жинап, баспаға әзірлеген. 1991 жылы қаламгердің «Замана сазы» атты шығармалар жинағы жарық көреді.
Ақын шығармалары Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы (ҚР ҰҒА) Орталық ғылыми кітапханасының қолжазба қорында сақталған.Дулат Бабатайұлының тікелей өзінің өмірбаянын немесе өмірінін белгілі бір кезеңін сипаттайтын туындылары аз. Әйтсе де жыраудың мінезі, ой-өрісі мен ақындық мұраты жайында шығармаларына сүйеніп, сенімді тұжырымдар жасауға болады.
|