Сабақтың басы
|
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Жағымды психологиялық ахуал.
Қызығушылықты ояту. Өлең кім туралы?
Менің атым – Байғыз қарт,
Көзге түсер сиқым жоқ,
Орынсыз күлер күлкім жоқ,
Есепсіз ұйықтар ұйқым жоқ.
Көзге қораш бойым бар,
Теңізден терен ойым бар,
Шынардан биік санам бар,
Атан өгіз ағызған
Ақылдан алпыс салам бар.
Қорған құрыш сөзім бар,
Бұлттан өтіп, мұнарды
Болжайтұғын көзім бар...
Қайратымнан атым зор
Белгілі атым өлемге.
Қорашсынсаң денемді,
Кеудем – ақыл сарайы,
Кірем десең, кел, міне.
«10 дерек» әдісі
Суретте кім бейнеленген?
Дулат Бабатайұлы туралы не білесіңдер?
Төменгі сыныптарда оның қандай шығармаларын оқыдыңдар?
Өз беттерімен қандай шығармаларын оқыдыңдар?
Жазушы шығармалары өздеріңе ұнай ма, ұнаса, неге ұнайды?
Оқулықтағы мәліметтермен таныса отырып, Дулат Бабатайұлы өмірі мен шығармашылығына байланысты 10 дерек анықтаймыз.
|
Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы автор туралы мәлімет береді.
Оқулықтағы мәліметтермен таныса отырып, Дулат Бабатайұлы өмірі мен шығармашылығына байланысты 10 дерек анықтаймыз.
|
|