Сабақтың тақырыбы э дыбысы Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата29.11.2022
өлшемі55,72 Kb.
#53352
түріСабақ
Байланысты:
АШЫК САБАК 3 Ә


«Рахат орта мектебі» КММ
Қысқа мерзімді жоспар


Бөлім

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Педагогтің аты-жөні

Дауренбекова Б

Күні:

10.10.2022

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Э дыбысы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
3.4.1.1* э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады, жауап береді және э әрпі бар сөздерді сауатты жаза алады.
Көптеген оқушылар: мәтіндегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді талдайды.
Кейбір оқушылар: мәтін туралы өз пікірін айта алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезең
уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
5 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді.
Өткен тақырыпқа шолу:
1) «Күн шұғыласы» ойыны ойналады.
«Қыстырма сөз» туралы білетіндеріңді жазыңдар.
2) Үйден жазып келген қыстырма сөзі бар сөйлемдеріңді оқыңдар.
3) Берілген сөйлемдерден қыстырма сөздерді тап.
Әрине, біздің сыныпта сабақты үздік оқитын оқушылар көп.
Бәлкім, сіздің айтқаныңыз дұрыс шығар?!
Оқу материалын жариялау «Жұмбақ» әдісі арқылы болады:
Экранда бар,
Уранда жоқ.
Экскаваторда бар,
Кранда жоқ. (э әрпі)
-Ендеше бүгінгі сабақта э әрпі бар сөздерді дұрыс жазу мақсатында тапсырмалар орындаймыз.

Жақсы тілек айтады.



  1. Сұрақтарға жауап беріп, тақырыпты ашады.




ҚБ: «Бағдаршам» әдісі.




Сабақтың ортасы
20 мин

2 мин

15 мин



(Т) «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі.
А)2-жаттығу. Мәтінді оқы.
-Мәтін не туралы?
-Сұрақтарға жазбаша жауап бер:
1. ЭКСПО неліктен бүкіләлемдік көрме деп аталды?
2. ЭКСПО-2017 көрмесі қайда өтті?
3.Көрменің тақырыбы қалай аталды?
-Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді тауып оқы.
-Мәтіннен э дыбысы бар сөздерді тауып жаз. Бұл сөздердің мағынасын дереккөздерден біліп ал.
- «Болашақтың энергиясы» тақырыбында болжам жаса және топта талқыла.
Ә) Анықтамамен жұмыс.
Э – дауысты дыбыс. Ол басқа тілден енген
сөздерде және сөздің басында кездеседі: эфир, эскалатор, экипаж.
Дескриптор:
-Мәтіннің не туралы екенін анықтайды.
-Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді табады.
- Сұрақтарға жазбаша жауап жазады.
- Мәтіннен э дыбысы бар сөздерді тауып жазады.
-«Болашақтың энергиясы» тақырыбында болжам жаса және топта талқылайды.
Саралау тәсілі: «Қарқын».
Қарқынды оқушыларға:
-ЭКСПО туралы өз пікіріңді айт.


Сергіту жаттығуы: «Жаяу» әні.


(Д) дәптермен жұмыс.
17-жаттығу. Берілген сөздерді қатесіз көшіріп жаз.
- Өзің э дыбысы бар бірнеше мысал айт. Сол сөздердегі э дыбысын е дыбысы бар сөздермен салыстыр.
18-жаттығу. Көп нүктенің орнына э, е әріптерінің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
1.Көшеде электр шамы жарқырайды. 2. Ұшақ
экипажсыз орнынан қозғалмайды. 3. Балаларға эстафета ойнау қызық болды.
Э дыбысы бар сөздердің мағынасын түсіндір. Осы сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Дескриптор:
- Берілген сөздерді қатесіз көшіріп жазады.
- Э дыбысы бар бірнеше мысал айтып, ол сөздердегі э дыбысын е дыбысы бар сөздермен салыстырады.
- Көп нүктенің орнына э әрпін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады.
- Э дыбысы бар сөздердің мағынасын түсіндіреді.
- Осы сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

-Мәтіннің не туралы екенін анықтайды.
-Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді табады.
- Сұрақтарға жазбаша жауап жазады.
- Мәтіннен э дыбысы бар сөздерді тауып жазады.
-«Болашақтың энергиясы» тақырыбында болжам жаса және топта талқылайды.

Билеп сергиді.


- Берілген сөздерді қатесіз көшіріп жазады.


- Э дыбысы бар бірнеше мысал айтып, ол сөздердегі э дыбысын е дыбысы бар сөздермен салыстырады.
- Көп нүктенің орнына э әрпін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады.
- Э дыбысы бар сөздердің мағынасын түсіндіреді.
- Осы сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

ҚБ: 5балл

5 балл




Оқулық, дәптер

Сабақтың соңы
3 мин

Рефлексия: «Екі жақты күнделік» әдісі бойынша өтеді.
Оқу тапсырмасы: 19-жаттығу.

Сабақтан алған білімін, не үйренгенін айтады.

ҚБ қойы-лады.



Қазақ тілі 23-сабақ

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет