Сабақтың тақырыбы: «Әкеге-ізет,анаға-құрмет»


Ата-анамыздың бізге айтатын тыйым сөздері



бет2/2
Дата24.11.2023
өлшемі20,05 Kb.
#125368
түріСабақ
1   2
Ата-анамыздың бізге айтатын тыйым сөздері:
1)Босағаны керме,отырма.
2)Біреуге жамандық тілеме.
3)Өтірік,өсек айтпа.
4)Түнде үй жинама.
5)Таңдайыңды қақпа.
6)Кісіге саусағыңды шошайтпа.
7)Үйге қарай жүгірме.
8)Үлкеннен бұрын сөйлеме.
9)Үйді айналып жүрме.
10)Есікті қатты жаппа.
11)Түнде ысқырма.
12)Тұзды төкпе,баспа.
13)Салақ болма.
14)Өзімшіл болма.
15)Басыңды шайқама,соқпа.


Ата-ана туралы мақал-мәтел:

1)Баланың бас ұстазы--…...............


2).................. қадірін балалы болғанда білерсің.
3)Алып .................. туады,
Ат .................... туады.
4)................. отырып,ұл сөйлегеннен без,
................ отырып,қыз сөйлегеннен без.
5)Ата-ананың ақылы-- ................ жолмен тең.
6)...........—тірегің, .............---жүрегің.
7)Алты аға бірігіп ........... болмас,
Жеті жеңге бірігіп .......... болмас.

8)Ата-ананың міндеті --- ............................. .


9)...........—кеме,
............---дария.
10)Әке--- .................... ,
Ана--- ағып жатқан бұлақ,
Бала--- .................... .
11) Әке жүрегі -- ............. үлкен,
Ана жүрегі -- ............. терең.
12)Әкеден -- .............. , анадан -- .............. .
13)Ананың көңілі ................ ,
Баланың көңілі ............... .
14)Қала—халқының салтанаты,
Бала--- .................. қолқанаты.
15)Әдепті бала ата-анасын .................. ,
Әдепсіз бала ата-анасын ................. .


Ата-ананы сыйлау парызымыз.
Алла-тағала былай бұйырады: “Күнәлардың ішінде бір күнә бар, менің жанымдағы ең үлкен және ауыр күнә ол әке-шешесі баласын шақырған кезде, әміріне мойынсынбау, келмеуі.
Әке –шешесі баласын шақырған кезде қандай жұмыспен айналыссаң да олардың әміріне жүгіну керек. Әке-шешең саған ашуланып айқайласа да, сен оларға еш нәрсе айтпа. Әке- шешеңнің дұғасын рахыметімен батасын алғыңкелсе, саған берген міндеттерін жылдам және жақсылып істеуге тырыс.Сенің бұл ісінің олардың көңілінен шықпай, саған теріс дұға етулерінен қорық. Ата-анаң сырқат болса, олармен бірге бол, жәрдем ет. Оларды ренжітіп теріс дұғаларын алсаң дүние және ақиреттік жаза болады. Сондықтан олардың тірі кезінде қадірін біл.
Пайғамбарымыз (с,ғ,с) өзінің бір хадис шарифінде “Жәннат-аналарадың аяғының астында” деп бұйырған. Ендеше ата-ананың парызын ақтау ісіне дін деңгейінен қарамасақ та адамгершілік, ақыл-парасат биігінен қарайықшы. Бала жеміске, ата –ана жеміс ағашына ұқсайды. “Жеміс ағашын жақсы күтсең, жемісі де тәтті, дәмді жақсы болады. Сол сияқты ата – анаға деген ізет, құрметіңді аямасаң, саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болғаны” деген екен. ХІ ғасырда өмір сүрген “Қабуснама” кітабының авторы Кейқауыс.


Қорытынды сөз:
Енді сендердің қазіргі уақыта ата-аналарыңызға жасайтын жақсылықтарың ата-аналарыңның тілін алып, оларға көмектесіп, сабақтарыңды жақсы оқып, тәртіпті болып жүрсеңдер ата-аналарыңның мерейі өсіп, оның өз ортасында еңсесін көтеріп жүруге көмектесе аласыздар.
Егер тәртіпсіз айтқан тілді алмай, бәрі керісінше болса онда ата-аналарыңның көңіл күйлері ылғи төмен болып, сендердің оғаш қылықтарыңа ұялып айналасандағы адамдарға қарауға ұялады. Дүние кезек екен балалар сендер де жас болып тұрмайсыңдар. Әке-шешеңе не істеген болсаң, алдыңа сол келеді.Сондықтан да ата-ананы сыйлау әрбір адамның міндеті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет