«Бір ауыз сөз» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.
Жеке жұмыс: Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.
Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін
«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.
5-бөлім. Мұхит –тіршілік мекені. Әбдіжәміл Нұрпейсов «Қан мен тер»
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы: 10
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Әбдіжәміл Нұрпейісов «Қан мен тер» романы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:
10.1.2.1. мәтінді тыңдай отырып, негізгі идеяларды (ақпараттарды) қысқаша түртіп жазу (конспектілеу), жазбаға сүйеніп мәтін мазмұнын түсіндіру
10.2.6.1.әртүрлі графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шарты белгі) ақпараттарды салыстыру, негізгі идеясын түсіндір
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: мәтінді тыңдай отырып, негізгі идеяларды (ақпараттарды) қысқаша түртіп жазады (конспектілеу), жазбаға сүйеніп мәтін мазмұнын түсіндіреді;
Көпшілік оқушылар үшін: әртүрлі графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шарты белгі) ақпараттарды салыстырады, негізгі идеясын түсіндіре біледі;
Кейбір оқушылар үшін:сыни пікірін дәлелмен жаза алады.