Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
№1-тапсырма
Оқулықта берілген синтез айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. Қазақстандағы түрлердің биоалуантүрлілігінің салыстырмалы кестесін жасап, сұлба түрінде көрсетеді.
2. Түрлердің биоалуантүрлілігін сақтау қажеттігін дәлелдейді.
|
Дескриптор: Жалпы - 5 балл.
- Кесте жасап,сұлба сызады
- Тапсырманы дәлелдейді.
|
ДК
Оқулық
|
|
№2-тапсырма
Оқулықта берілген бағалау айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. Қосымша ақпараттарды қолдана отырып, Қазақстандағы биоалуантүрлілік проблемасы және оны сақтау шаралары туралы презентация дайындайды.
2. Түрлердің биоалуантүрлілігі азаюының салдары қандай болады және ол экология проблемалардың арасында қандай орында тұр?
3. Өздерің тұратын жердегі биоалуантүрлілікті сақтап қалу үшін қандай әрекеттер жасай аласыңдар? Жоспар құрады.
|
|