Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
2 6 мин.
|
№1-тапсырма
Оқулықта берілген синтез айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. Өз аймақтарыңдағы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің тізімін жасайды.
2. Генетикалық криобанкке енгізу үшін Қазақстанда кездесетін жануарлардың түрлерін атайды.
3. Елімізде сирек кездесетін жануарларға мысалдар келтіреді.
4. Елімізде сирек кездесетін өсімдіктерге мысалдар келтіріп атап береді.
Дескриптор: Жалпы -5 балл.
-Түрлердің тізімін жасайды.
- Тапсырмаға жауап береді.
|
Оқулық,
жұмыс дәптерлері.
|
|
№2-тапсырма
Оқулықта берілген бағалау айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. «Ақтырна» бағдарламасы қандай міндеттерді атқарады?
2. Генетикалық криобанк дегеніміз не?
3. Қоршаған ортаны қорғау бойынша Бірінші дүниежүзілік конференцияны қай ұйым, қай жерде және қай жылы өткізді?
4. Биоалуантүрліліктің биологиялық мағынасын түсіндіреді.
5. Қазақстанда түрлік алуантүрлілікті сақтау бойынша қандай шаралар атқарылады?
6. Тұрғылықты жерлеріңдегі сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді сақтау туралы бағдарлама ұсынады.
|
|