Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
№1-тапсырма
Оқулықтағы сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.
Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
1. Климаттың ғаламдық жылынуы салдарын әртүрлі дереккөздері мен ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып болжау жасап, сұлбаның нобайын жасайды.
|
Дескриптор: Жалпы - 5 балл.
- Сұлбаның нобайын жасайды.
|
ДК
Оқулық
|
|
№2-тапсырма
Оқулықта берілген түсіну және қолдану айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
Mars Reconnaissance Orbiter NASA - мен жасалған фотосурет Грег кратерінің оңтүстік бетінде өзеннің ежелгі арнасында мұз сенінің жүру ерекшеліктерін көрсетеді. Суретке сипаттама береді.
Дескриптор: Жалпы-5 балл.
-тапсырманы анықтап дәлелдейді.
-суретті сипаттайды.
|
Оқулық
Жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|