11.3.2.1 - мүмкін болатын климаттың жаһандық жылыну салдарын болжау.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Білім алушылар фотосуреттермен жұмыс жасап сипаттап бере алады.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
(Ұ) «Миға шабуыл»әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
1. Ғаламдық жылыну туралы қандай халықаралық шарттарды білесіңдер?
2. Ғаламдық жылыну мәселесін шешудің қандай тәсілдері экологиялық модельдерді беретінін талқыландар
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады.