Барлық оқушылар: Электр тогының химиялық әсерімен танысу. Фарадей заңын қорытып шығару
Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.
Кейбір оқушылар: Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі//уақыты
Педагогтің әрекеті Ұйымдастыру
Сәлемдесу Түгелдеу Психологиялық ахуал қалыптастыру. Сабақ мақсатын және оқыту мақсатын жариялау. Үй тапсырмасымен жұмыс
Бой сергіту. Үй тапсырмасын сұрау
2.1. «Бақытты сәт» теледидар ойыны Сұрақтар жауабымен беріледі. Оқушылар жауаптың дұрыс немесе бұрыс екенін дәлелдеуі керек.
+1. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы электр тогы деп аталады
-2. Халықаралық бірліктер жүйесінде заттардың меншікті кедергісінің өлшем бірлігі ретінде Ом∙м² болып белгіленеді.
+3. Адам үшін 2-3мА ток күші қауіпсіз және сезілмейтн болып саналады.
-4. Электр тогы болуының негізгі шарты зарядталған бөлшектер белгілі бір жылдамдықта болуы қажет
+5. Ағаш кесекті жібекке үйкегенде ағашта теріс заряд пайда болады
+6. Электр тізбегі ішкі және сыртқы деп аталатын екі бөліктен тұрады.
-7. Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда кернеулері бірдей болады
+8. Тізбектің бөлігіндегі ток күші – осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал.
- 9. Егерде кедергісі 12 Ом вольтметр 120 В кернеуді көрсетіп тұрса, онда ол арқылы өтетін токтың күші 0,1 А тең
+10. Реостат дегеніміз айнымалы және реттелген кедергісі бар резистор