Сабақтың тақырыбы: Электр өрісі. Білім беру ұйымының атауы



бет31/41
Дата19.01.2023
өлшемі3,54 Mb.
#62017
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41
Байланысты:
10 сынып Қоғамдық-гиманитарлық 3 тоқсан 382 бұйрық

Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару .


Білім беру ұйымының атауы




Пәні:




Бөлім:

10.3 Электр және магнетизм

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Есептер шығару .

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

10.3.3.1 – әртүрлі ортадағы электр тогының пайда болуын салыстыру;



Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:
Электр тогының химиялық әсерімен танысу. Фарадей заңын қорытып шығару
Оқушылардың басым бөлігі:
Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.
Кейбір оқушылар:
Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру

Сабақтың басы


10 минут

Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім
10 минут

Бекіту
10 минут

Кері байланыс
Сабақтың соңы
10 минут




Сабақты ұйымдастыру.
а)Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
б) Сыныптағы оқушыларды түгелдеу,жинақтау.
в) Топтың мүшелерін тағайындау.
Берілген физикалық шамаларды тауып, сол физикалық шамаларға сәйкес топқа бөлінеді. Физикалық шаманың атымен топтың аты аталады.

  1. Кернеу тобы

  2. Кедергі тобы

  3. Ток күші тобы


Кім жылдам? әдісі

Өткізгіштер дегеніміз не?


Өткізгіштердің өткізу қасиеті қалай түсіндіріледі?
Диэлектриктер дегеніміз не?
Өткізгіштер мен диэлектриктерге мысал келтір
Оқушыларға сұрақтар қоя отырып, заттың өткізгіштік қасиеттерін еске түсіреді.
Еске түсіре отырып, электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктердің қасиеттері айтылады


«Есеп және озық ой» стратегиясы
1. Электролит арқылы 1,5А ток күші өткенде 5 мин ішінде катодта 137 мг зат жиналды. Бұл қандай зат?
2. Тәжірибені орындау кезінде катодтан 4 А ток өткенде 20 мин ішінде массасы 1,5г мыс бөлінді. Тәжірибелік мәліметтерге сүйене отырып мыстың электрохимиялық эквивалентін анықтаңдар.
3. Бұйымдарға күміс жалату үшін 15 мин бойына 5 А токты пайдаланды. Осы уақыт ішінде күмістің қанша мөлшері жұмсалады?
4. Тотияйын ерітіндісін электролиздеуде 50 мин ішінде катодта 6г мыс бөлінсе, жүріп өткен токтың күші қандай?

Ой қозғау: тест «Металдардағы электр тогы. Электролиттердегі электр тогы»


1. Металдардан электр тогы өткенде байқалатын құбылыс
А) тек жылулық
В) тек магниттік
С) тек химиялық
Д)жылулық және магниттік
Е)жылулық және химиялық
2. Металдарда электр тогын тасымалдаушылар
А) иондар
В) электрондар
С) иондар мен электрондар
Д) оң және теріс иондар
Е)оң және теріс иондар, электрондар.
3.Электролиттер деп аталады
А) рельефті заттардың (медальдардың, гравюрлердің және т.б.) көшірмесін электролиттік жолмен дайындау.
В) тұздардың, қышқылдардың және сілтілердің ерітінділері, сонымен қоса, металдардың балқымалары.
С) электролиттерде әр аттас иондардың молекулаға бірігуі.
Д) электролит ерітіндісінде электр өрісін тудырғанда молекулалардың иондарға ыдырау.
Е) металл бұйымдардың бетін басқа металдың жұқа қабатымен жабу.
4. Электролит арқылы электр тогы өткенде электродтарда зат бөліну процесі
А) электролиз
В) конденсация
С) рекомбинация
Д) жылу өткізгіштік
Е) электролиттік диссоциация
5.Гальванопластика
А) рельефті заттардың (медальдардың, гравюрлердің және т.б.) көшірмесін электролиттік жолмен дайындау.
В) тұздардың, қышқылдардың және сілтілердің ерітінділері, сонымен қоса, металдардың балқымалары.
С) электролиттерде әр аттас иондардың молекулаға бірігуі.
Д) электролит ерітіндісінде электр өрісін тудырғанда молекулалардың иондарға ыдырауы.
Е) металл бұйымдардың бетін басқа металдың жұқа қабатымен жабу.
6. Гальваностегия
А) рельефті заттардың (медальдардың, гравюрлердің және т.б.) көшірмесін электролиттік жолмен дайындау.
В) тұздардың, қышқылдардың және сілтілердің ерітінділері, сонымен қоса, металдардың балқымалары.
С) электролиттерде әр аттас иондардың молекулаға бірігуі.
Д) электролит ерітіндісінде электр өрісін тудырғанда молекулалардың иондарға ыдырау.
Е) металл бұйымдардың бетін басқа металдың жұқа қабатымен жабу.
7. Электролиттік диссоциация
А) металл бұйымдардың бетін басқа металдың жұқа қабатымен жабу.
в) рельефті заттардың (медальдардың, гравюрлердің және т.б.) көшірмесін электролиттік жолмен дайындау.
с) тұздардың, қышқылдардың және сілтілердің ерітінділері, сонымен қоса, металдардың балқымалары.
д) электролиттерде әр аттас иондардың молекулаға бірігуі.
е) электролит ерітіндісінде электр өрісін тудырғанда молекулалардың иондарға ыдырау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет