Сабақтың тақырыбы: Электртерістілік және байланыс полярлығы Оқу мақсаты



бет1/3
Дата09.02.2023
өлшемі67,69 Kb.
#66379
түріСабақ
  1   2   3



Мұғалімнің аты-жөні:




Пән/Сынып:

10 «Б»

Күні:




Тарау немесе бөлім атауы:

10.1 C Химиялық байланыс



Сабақтың тақырыбы:

Электртерістілік және байланыс полярлығы

Оқу мақсаты:

10.1.4.6 атомдардың электртерістілік ұғымының физикалық мәнін түсіндіру және оның негізінде химиялық байланыстың түрін болжау;
10.1.4.7 ковалентті байланысты қосылыстар үшін «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын құрастыру

Бағалау критерийі:

- атомдардың электртерістілік ұғымының физикалық мәнін түсіндіру және оның негізінде химиялық байланыстың түрін болжайды;
- ковалентті байланысты қосылыстар үшін «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын құрастырады



Саралап оқыту тапсырмалары

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
Сабақ мақсатымен бағалау критерийлерін таныстыру;
Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату;

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету;
Бекітуге арналған тапсырмалар орындату; Тапсырмалардың жауаптарын жазу;

Жеке жұмыс
Оқу тапсырмасын ұсыну, оқушылар өз бетінше орындауы тиіс;

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

1 минут

Ұйымдастыру

Сәлеметсің бе?
Алдыңғы сабақтардағы химиялық байланыстың қасиеттері туралы оқып үйренуді жалғастырамыз.


Сабағымыздың тақырыбы:
Электртерістілік және байланыс полярлығы
Бүгінгі сабақта:



  • Сенің білетінің:

Электртерістілік; байланыс полярлығы; «нүктелер мен айқыштар» диаграммасы



  • Сенің меңгеретінің:

- атомдардың электртерістілік ұғымының физикалық мәнін түсіндіру және оның негізінде химиялық байланыстың түрін болжау;







Презентация Слайд 1
Слайд 2

  1. 8 минут

Жаңа сабақ

Жаңа сабақты цифрлық ресурстар арқылы түсіндіру

Алдыңғы сабақтағы химиялық байланыс туралы білімді еске түсірейік.


Сұрақтар:

  • Ковалентті байланыстың қандай қасиеттері бар?

  • Ковалентті байланыстың негізгі сипаттамасы қандай ?

  •  Заттардың қасиеттері химиялық байланыс түрлеріне тәуелді ма?

Мұғалімнің түсіндірмесі:


Электртерістілік - элементтің сыртқы электрон қабатын толықтыруға ұмтылысын сипаттайтын шаманы айтады. Заттардың формулаларын жазғанда электртерістілігі төмен элемент алдымен, ал электртерістілігі жоғары элемент соңынан жазылады. Химиялық байланыстың түзілуі мен оның қасиеттері әрекеттесуші элементтердің атомдарының құрылысына тәуелді болады. Электртерістілік период бойынша солдан оңға қарай, ал топ бойынша төменнен жоғары қарай артады.

  • Егер байланыс түзуші элементтердің электртерістілігі бірдей болса, ковалентті полюссіз байланыс түзеді.

  • Байланыс түзуші элементтердің электртерістіліктерінің айырмашылығы аз болса, ковалентті полюсті байланыс түзіледі.

Химиялық элементтердің электртерістілігі
Периодтық жүйедегі әр период бекзат газбен аяқталады. Олар химиялық, белсенділігі төмен газдар, осы енжарлықты шешу үшін олардың электрондық құрылыстарына үңілейік. Атомдық кұрылыстары бізге белгілі 42He, 2010Ne, 4018Аr газдардың барлырының сыртқы электрондық қабаттары аяқталған 8 электронды.
Бұлардан басқа элементтердің химиялық белсенділіктері осы сыртқы электрондық қабаттарының аяқталмағандығынан болады. Олар енді қосылыс түзу арқылы ғана осындай аяқталған қабатқа (инерттілікке) электрондарын беру немесе электрондарды қосу арқылы жетеді. Ал мұның өзі екі жайтқа тәуелді:



Нақтылау сұрақтары :
- Электртерістілік - қосылыстағы химиялық элемент
атомдарының ортақ электрон жұбын өзіне тарту қабілетіғой ия?
- Электртерістілік период бойынша солдан оңға қарай, ал топ бойынша төменнен жоғары қарай артады ғой ия?
- байланыс түзуші элементтердің электртерістілігі бірдей болса, ковалентті полюссіз байланыс түзеді ғой ия?
- Байланыс түзуші элементтердің электртерістіліктерінің айырмашылығы аз болса, ковалентті полюсті байланыс түзіледі ғой ия?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет