Сабақтың тақырыбы Әлеуметтік желіні пайдаланамын Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


-тапсырма. Әңгімеде адамгершілік қағидалары көрініс табатын үзінділерді жинақтаңдар



бет3/4
Дата03.05.2023
өлшемі111,6 Kb.
#89471
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
7-сын қ.т

1-тапсырма. Әңгімеде адамгершілік қағидалары көрініс табатын үзінділерді жинақтаңдар.


Жұптық жұмыс
2-тапсырма.
1-жұп. Қазақстан тарихымен байланыстыра отырып шығарманың қашан және неліктен жазылғаны туралы ойыңызды жазыңыз.

2-жұп. Үзіндінің шығармадағы орны мен маңызына талдау жаса және жылқышы шалдың неге өкініп неге үміттенетініне өзіндік көзқарарсыңмен 3-4 сөйлеммен баға беріңдер.
Кетерінде бұл: «Жылқышы ата, туып-өскен жеріңді айт, туыстарыңды іздестірейік, қаңлы ішінде кім боласың? Кіші атаң кім?», – десе, шал басын шайқады. «Ежелден біздің қазақ нәсілін жалпақ тіл қаңлы, қыпшақ атайды. Руын мүсәпір құл жасырады. Тегімді білмей, теріс бағып тұрғамын жоқ, құлдықтан бетер бейдауа қорлықтың күйігі басқа түскенін білесің. Жеті атамды білемін, ел көзіне тура қарар бет болмаған соң тексізден нем артық?!» – деп ширыққан. Ол сүйекке масқара таңба түсті деп қорланған соң атасын жасыруға мәжбүр. «Бұрын періштелер мені ылғи өліге санап кететін. Расымен тірі өлік едім. Атаңа нәлет қу тірлік. Жыланды үш кессе кесірткедей әлі бар. Тірлігімнің ендігі мұраты бір сенің елге аман-есен жеткенің. Сонда мына мен өлінерде артымда басқан ізім, кіндігімнен жаралып, бел балам болмаса да азат рухым, мұрагерім, атұстарым қалды деп білемін».

3- жұп. Үзіндінің шығармадағы орны мен маңызына талдау жасаңдар.
Ұлым, ат арқасында тіп-тік түзу отырғаныңды талай мәрте байқадым. Шап айылын қатты тартып мін. Аттан түскенде босатып отыр. Түн баласы ақ маяның жолына қарап жүресің. Темірқазықтан жаңылма, ұзақ сапарда бағдарың сол» деген үзіндіден қазақтың қандай дүниетанымдық және тәрбиелік қасиетін байқайсың?
Үзіндіден қазақтың қандай дүниетанымдық және тәрбиелік қасиетін байқайтынын жазады.
Қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, 2-3 сөйлем көлемінде талдау жазады.


4- жұп. Үзіндіні оқи отырып, жылқы малына деген ата-баба көзқарасына баға бер.
Қас жүйрік қыпшақ ұлдың тақымында кеткенде түрікпендер жер сабалап қалды. Ер қанаты аты өлсе, адамнан кем көрмей, көр қазып жерлейтін; ең асыл тұқымының жалын тірі жанға сипатпай, ерен құпия сақтайтын; қисапсыз қазынаға айырбастамас, антқа берік текежәуміт, ата мал айғырын өлсе сатпайтын; астындағы атын жанынан, қойнындағы қатынынан артық көретін; айтулы батырлары ұрыста өлген атының басын ардақтап биік тауға қоятын, тұлпардан айрылуды өлімнен кем көрмейтін қайсар қазақ, түбі ер түрік оғыз-қыпшақ нәсілі жылқы десе еліріп, шалық шалғаннан бетер есі кетеді. Қазақ атқа мінбесін, қазақ атқа мінсе, бір дене, бір жанға айналып кетеді. Қашса құтылады, қуса жетеді.

5- жұп: Үзіндідегі көтерілген мәселелерге тоқталып, өзіндік көзқарасыңды білдір. Кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін сипаттап жаз.
Есіңе мені бір жаман құл, Тасқұл деп алғайсың. Ертең қашпасаң, құлақ кесті қара құлдан бетер сорақы боласың. Мына сенің жасыңда тұтылдым. Уызымнан жарып, бал жалап өскенімді қайтейін. Ат тұяғы басқан жер шапқын, жылқы мінген елдер соғысып, жылқы өсірген халық шабындыға көп түседі екен. Аттанып шыққан түрікпен аламанда тұтты. Ойдағы ауылыма оқыстан жау тиді, қазанды қақ айырды. Қазақ пен текежәуміт, екі жағы барымтада бірдей ожар. Біздің рудың бас көтерер ерлері Жетісу, Теңіз* асып, бұғы қырғыздан* жылқы әкелуге кеткен кезіне килікті. Кілең қатын-бала, кәрі кемпір-шалдан бөлек найза ұстайтын ерлерден аз ғана топ қалған, жасанған дұшпан қырып салды. Жас қыз-келіншектер мен қорғансыз балаларды алғыншылар қоймен қоса айдап әкетті. Кебенек киген тірлік у татып, тұтқыннан қашып кетуге тағдыр еш қоспады. Талай әрекет қылғанмен, қолға түсе бердім. Арқамдағы дүренің іздері содан қалған белгі. Жылқышы шал басы салбырап, ұзақ үнсіз отырып қалды. Іштегі шерін, асқан құпиясын ақтаруға батпайтын сияқты. – Он үште отау иесі деген. Ер жетуге аз қалғанда, құдай кешпес бір кепке ұшырап, өлгім келді. Кісіге айтуға арланатын қорқау сөз еді. Құлдық кепиеті ұрмасын деп мына саған айтпасқа еш амал жоқ. Тәңірінің бұйрығы айтқызып тұрғанын қара. Түрікпендер бір күні қатын-қыздарымызға қарап қояды деп мені ата мал сияқты, қошқардайын тарттырып жіберді. Содан бергіде Азбанқұлмын! Жылқышы шалдың иегі кемсеңдеп кеткенін көрген сәтте, бала аһ ұрып, оны арқасынан құшақтай алды.

6- жұп: Ең асыл тұқымының жалын тірі жанға сипатпайтын, қисапсыз қазынаға айырбастамайтын, антқа берік текежәуміт Атажан бай асыл тұқымды атынан айырылса да неліктен тұтқын шалға жаза қолданбайды? Үзінді бойынша өз пікірлеріңді білдіріңдер.
Атажан байдың үлкен ұлы үйіне келе, қазан төңкеріп тастады. Түбі шикі құл қазаққа сенген бейқам әкесіне дүлей наразылығын сөйтіп білдірді. Біраз түрікпен суық қаруын асынып, жылқы қосына оралған қазақ шалдың соңынан жауар бұлттай түйіліп жетті. Атажан бай жирен атына жайдақ міне сап, ілес келген. Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында. Момын, бейбіт жылқышы асау тарпаңдай мінез көрсетіп, міз бақпақ түгілі, оң иығына қасқыр терісін жамылып, анталаған құн сұраушыны именбей қарсы алғанын көзімен көрді. Өзін айыпты санап отырған ол жоқ. Алпыс жыл табыннан шашау шығармай, жылқысын ерен адал баққан егде қазақтың шегір көзіне көзі түскенде Атажан бай ыза-ашуы күрт басылып, табан астында өзгеріп шыға келді. Ол жалшысына ләм-мим демей, кері шегінген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет