Сабақтың тақырыбы: Есеп шығару: Ньютон заңдары



бет2/5
Дата20.06.2023
өлшемі245,58 Kb.
#102553
түріСабақ
1   2   3   4   5
Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Үдеу

Ускорение

Acceleration

Күш

Сила

Force

Ньютонның бірінші заңы

Первый закон Ньютона

Newton's first law

Ньютонның екінші заңы

Второй закон Ньютона

Newton's second law

Ньютонның үшінші заңы

Третий закон Ньютона

Newton's third law

Тіреудің реакция күші немесе нормаль қысым күші

Реакция опоры или сила нормального давления

Ground reaction force and force of the normal pressure

Теңәрекетті күш

Равнодействующая сила

net force, the resultant force

Үйкеліскүші

Силатрения

Friction force

Үйкеліс коэффициенті

Коэффициент трения

Friction coefficient

Күш векторының бағыты

Направление вектора силы

The direction of the force vector

Ауызша және жазбаша сөзге арналған қажетті сөйлемдер
Өзара әрекеттесу кезіндегі денеге түсірілетін барлық күштердің тең әрекет күші үдеу тудырады.

Алдыңғы білім

Ньютон заңдарының тұжырымдамасын, күштердің табиғатын білуі тиіс

Жоспар

Уақыттыжоспарлау

Жоспарбойыншаорындалуытиістапсырмалар

Ресурстар

Басталуы

5минут


5 минут


Сыныпты сабаққа ұйымдастыру.
Оқушыларды формулалар бойынша топтарға бөлеміз:
ІІ-топ:_ІІІ-топ:_Оқушыларды_сабаққа_белсендіру_(топтық_жұмыс):_әр_топқа_бір_сұрақтан_беріледі:_І-топ'>І-топ:
ІІ-топ:
ІІІ-топ:
Оқушыларды сабаққа белсендіру (топтық жұмыс): әр топқа бір сұрақтан беріледі:
І-топ: Қандай жағдайда дене түзусызықты бір қалыпты қозғалыс жасайтынын немесе тыныштықта болатынын түсіндіріңіздер.
ІІ-топ: Қандай жағдайда дене тең үдемелі қозғалатынын сипаттаңыздар.
ІІІ-топ: Күш калай пайда болатынын талдаңыздар.
Әр топ оқушылары өз жауаптарын сипаттап, талдау жасап болғаннан кейін оқушыларға видео көрсетіледі.
Видео:3 закона Ньютона на примере велосипеда
Көрген видеомызды бір сөйлеммен қорытындылайық:
Оқушылар видеоға сәйкес білімдерін қорытындылайтын сөйлем жазады.
Сөйлем кім, не, қашан, неге, қалай, қайда деген сұрақтарды қамтиды.

Три закона Ньютона на примере велосипеда
http://www.youtube.com/watch?v=iSoH0u-Nu8M

15 минут


5 минут

5 минут


Э ксперменттік есеп:
І-топ:
Құрал – жабдықтар:көлбеу жазықтық, ойыншық машина, құм салынған ыдыс, таразы, секундомер, динамометр, өлшеуіш лента.

Құм салынған ыдыстың бетін тегістеп, оның үстінен көлбеу жазықтықтан түскен машинаны жүргізіңдер де, осы машинаның тарту күшін анықтаңдар. Машинаның құмның үстінен жүріп өткен мезетіндегі жылдамдығының уақытқа тәуелділік графигін тұрғызыңдар. Қорытынды жасаңдар. Құм мен дөңгелек арасындағы үйкеліс коэффициентін машинаны бірқалыпты түзу сызықты қозғай отырып анықтаңдар.


ІІ-топ:
Құрал – жабдықтар:ойыншық машина, парта, көлбеу жазықтық, таразы, секундомер, динамометр, өлшеуіш лента.

Партаның бетіненкөлбеу жазықтықтан түскенмашинаны жүргізіңдер де, осы машинаның тарту күшін анықтаңдар. Машинаның партаның үстінен жүріп өткен мезетіндегі жылдамдығының уақытқа тәуелділік графигін тұрғызыңдар. Қорытынды жасаңдар. Парта мен дөңгелек арасындағы үйкеліс коэффициентін машинаны бірқалыпты түзу сызықты қозғай отырып анықтаңдар.


ІІІ-топ:
Құрал – жабдықтар:ойыншық машина, мәрмәр үстел, көлбеу жазықтық, таразы, секундомер, динамометр, өлшеуіш лента.

Мәрмәр үстел бетінен көлбеу жазықтықтан түскен машинаны жүргізіңдер де, осы машинаның тарту күшін анықтаңдар. Машинаның мәрмәр үстел үстінен жүріп өткен мезетіндегі жылдамдығының уақытқа тәуелділік графигін тұрғызыңдар. Қорытынды жасаңдар. Мәрмәр үстел мен дөңгелек арасындағы үйкеліс коэффициентін машинаны бірқалыпты түзу сызықты қозғай отырып анықтаңдар.


Тапсырманы орындаған кезде, оқушылар жұмыстың қандай ба бір бөлігін аяқтағанда және сұрақ туындағанда алдын ала дайындалған шаршыны қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет