Сабақтың тақырыбы: Есіл жағасындағы арман қала Күні



бет5/6
Дата04.09.2023
өлшемі394 Kb.
#106033
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ҚМЖ — қаз тілі

Сабақтың соңы
( 5 мин)

Кері байланыс. «Күн көзі» әдісі бойынша орындалады.
Орындалу шарты: Оқушылар күннің көздеріне өздеріне ұнаған, ұнамаған, сабақта арналған өз тілектері мен ұсыныстарын жазады.


Үйге тапсырма беру.
Есіл бойындағы арман қала тақырыбында эссе жазу.


Рефлексия. «3-2-1» стратегиясы бойынша орындалады.

  • Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

  • Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

  • Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.




9-сынып
Қазақ әдебиеті.
«Арман-ПВ»
баспасы.
74-бет



Саралау-сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?



Бағалау –оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

1.Пәнаралық байланыс
2.Денсаулық және қауіпсіздік
3. АКТ-мен байланыс
4.Құндылықтармен байланыс.

Сабақ барысында саралау шаралары тиімді жүзеге асырылады деп тұжырымдаймын, себебі,
Көп қолдауды қажет ететін оқушылар қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты түсінік бере алуын, құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары мен түрлерін ажыратып сұрақтарға жауап беруге байланысты жұмыстарды орындауын басты назарда ұстаймын.
Орташа қолдауды қажет ететін оқушыларға әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндерге (дәріс, интервью) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдай алатын тапсырмаларын ұсынамын.
Қабілетті оқушыларға
жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық түзетулер енгізу, редакциялай алуын қадағалаймын.

Сабақ барысында қалыптастырушы бағалау жүзеге асырылады. Үдеріс барысында оқушыларды ауызша мадақтау және графикалық қалыптастырушы бағалау түрлерін қолданамын. Бағалау критерийлері бойынша оқушылар қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндерге (дәріс, интервью) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдайды, Жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық түзетулер енгізу, редакциялайды. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары мен түрлерін біледі т.с.с тапсырмалар орындайды.

Қазақстан тарихы, география және қазақ тілі, математика пәндерімен пәнаралық байланыс болды.
Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмады.
Интербелсенді тақтамен жұмыс жасалды.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Азаматтық жауапкершілік сабақтың тәрбиелік мәні ретінде басшылыққа алдынды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет