Жұмыс дәптері бойынша ұсыныстар 53-жұмыс парағы. Дыбыстардың қандай түрлері бар?
Заттың суретін сал. Оқушылар жұмыс дәптерлеріне қатты және жай дыбыстар шығаратын заттардың суреттерін салады.
54-жұмыс парағы. Ғимараттар Қоршап сыз. Оқушылар қандай ғимараттарда қатты дыбыстарды, ал қандай ғимараттарда жай дыбыстарды естуге болатынын анықтайды. Оқушыларды мұқият тыңдай отырып, қателік жібергенін байқау, нақтылап, оқушының дәлелін тыңдау, дұрыс түсінуіне көмектесу.
Жауаптар Адамдар бәсең сөйлейтін орындар: аурухана, театр, мұражай, өнер студиясы.
Адамдар қатты сөйлейтін орындар: стадион, ойын-сауық орталығы.
Қосымша тапсырмалар Топтарға мынадай жағдаяттарды ойнап көруге
ұсыныс жасау:
1. Анаң ұйықтап жатыр. Сен ағаңмен немесе
апаңмен бірге бір нәрсе туралы талқылауларың
керек.
2. Сен ауырып қалған досыңның көңілін сұрап
бардың.
3. Анаң үйде жұмыс істеп жатыр, ал сенің
досыңмен телефон арқылы сөйлесуің керек.
Әр көріністе қалай сөйлесу керек: қатты ма, әлде
жай ма? Мүмкіндігінше әдепті сөйлеу нормалары
мен телефон арқылы қалай сөйлесу керектігі жайлы
талқылау.
сазды аспаптар;
«Табиғи дыбыстар. Таулар» бейнекөрінісі;
зеңбірек ағаш туралы бейнекөрініс.
Сабақтың соңы
Бүгін не үйрендік?
Қандай дыбыс түрлері бар?
Кері байланыс Бағдаршам әдісі арқылы.
Барлығы түсінікті
Сұрағым бар
Түсінбедім
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?