Сабақтың тақырыбы Ғажайып фабрика


Көзге арналған жаттығулар жасалады



бет130/143
Дата21.09.2023
өлшемі29,11 Mb.
#109393
түріСабақ
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   143
Байланысты:
ҚМЖ жаратылыстану (3 сынып)

Көзге арналған жаттығулар жасалады.



Сен білесің бе? Оқушыларға ЭКСПО-2017 логотипін көрсету. Олардан бұл оқиға туралы не білетінін сұрау. Көрмеде жаңа техникалық өнертабыстар көрсетілетінін айту. Лодыгиннің шамы мен электр розеткасы осы көрмеде көрсетілгеннен кейін әйгілі болды.
ЭКСПО-2017 ұраны – «Болашақ энергиясы». Қазір ғалымдар адамға және қоршаған ортаға қауіпсіз энергия көздерін ойлап тауып жатыр. Бұл тапсырма оқушыларға Дүниежүзілік көрме қандай мақсатпен өткізілетінін түсінуге мүмкіндік береді.
Қауіпті және қауіпсіз. Оқушылардың энергия көздері туралы түсініктерін кеңейту үшін олар адам мен қоршаған ортаға бірдей қауіпсіз бе, жоқ па деп сұрап, ойлануға мүмкіндік беру. Ол үшін топтарға бөлу. Оқушылар инфографиканың көмегімен қуат көздерінің ең қауіпсізі қайсысы екенін және басқалары қандай қауіп төндіре алатынын көрсетеді.
Ойлан. Оқушылармен бірге батареяларды қарау.
Жарамсыз батареямен не істеу керек? Оқушылар оны қоқысқа тастауды ұсынуы мүмкін. Олардың назарын батареялардың сыртындағы суреттерге аудару ( айқышталып сызылған қоқыс контейнері мен жасыл сызықшалар).
-Бұл белгілер нені білдіреді? Оқушылар жауап бере алмауы мүмкін. Батареяның ішінде қауіпті химиялық заттар барын айтып беру. Егер батареяны жай тастай салса, онда Күн мен жаңбырдың әсерінен металл бүлінеді, алхимиялық заттар топырақ пен жер асты суларына түседі. Сол аумақ уланады. Бір кішкентай батарея топырақты уландырып, бірнеше ағаштар мен мыңдаған тірі ағзаларды жоя алады. Сондықтан батареяны жай тастай салуға болмайды.
Жұмыс дәптері. 110-жұмыс парағы.
-Электр энергиясын қалай алады? Электр энергиясын неден алады? Бұл тапсырма оқушылардың электр энергиясы көздерінің сан алуандығын және энергияның түрлерін электр энергиясына айналдыру тәсілдерін түсінуіне бағытталған. Тапсырмада бірінші бағандағы суреттерді екінші бағандағы сөздермен жалғау керек.
Жауап: Батарея – химиялық үдерістер энергиясы
Су электр станциясы – су ағынының энергиясы
Күн батареясы – Күн энергиясы
Жел генераторы – жел энергиясы
111-жұмыс парағы. «Электр көздері» Сөйлемдерді аяқта.
Бұл тапсырма оқушылардың электр көздері жайлы білімін бекітуге бағытталған. Оқушылар сөйлемдерді аяқтайды.
Жауап: Электр көздері батареялар, күн батареялары, электр стансалары, жел генераторлары болып табылады. Электр көздері энергияның басқа түрлерінен электр өндіру үшін қажет.
Ең қауіпсіз электр көздері: күн батареялары және жел генераторлары. Болашақтағы қаланы жасап көр. Оқушылар суреттерге қарап, балама энергия көздерінің қандай жерлерде орналасуы тиіс екенін анықтайды және өздері қалаған орындарға олардың суретін салады.
Жауап:Су электр стансасы – өзенде, жел генераторы – қаладан тыс бос кеңістікте, күн батареялары – үй шатырларында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет