Сабақтың тақырыбы Ғажайып фабрика


Топтық жұмыс. «Жигсо» әдісіМәтінмен жұмыс



бет14/143
Дата21.09.2023
өлшемі29,11 Mb.
#109393
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   143
Байланысты:
ҚМЖ жаратылыстану (3 сынып)

Топтық жұмыс. «Жигсо» әдісіМәтінмен жұмыс.

І топ Су өсімдіктері


Көп өсімдіктер топырақтың ылғалды болуын қажет етеді. Суреттегі шалғындық беде, бақбақ, қоңырбас ылғалы жеткілікті жерде өседі.
Суреттегі өсімдіктердің жапырақтарына, сабағына көңіл бөл. Топырақтың құрамында ылғал болатындықтан тамырлары онша ұзын емес, шашақты. Жапырақтары жалпақ, ылғалды буландыруға жақсы бейімделген: жапырақтарында қақпақты саңылаулары ашылады. Артық су буланған соң жабылады. Осылай өсімдік булануды реттейді.
Мұндай өсімдіктерді ылғал сүйгіш өсімдіктер деп атайды. Ал тоғандардың және көлдердің бетінде қалықтап өсіп тұратын сарғалдақты, тұңғиықты талай көрген боларсыңдар. Оларды су өсімдіктері деп атайды.
ІІ топ Ылғал сүйгіш өсімдіктері
Тұңғиық — бұл су өсімдігі. Бір қасиеті бұл өсімдіктің тез өскіштігі, үш күн сайын жаңа жапырақ шығарады. Мынадай бір қызықты оқиға болыпты. Англияның Кью қаласының ботаника бағында тұңғиық гүлдейді деген хабар тек бақ қызметкерлерін ғана емес, суретшілер мен саққұлақ репортерлердің де құлағына жетеді. Гүл ашылады дегенде жылыхана адамға лық толады. Осы оқиғаның куәсі болған атақты ботаник Н. Ф. Золотницкий 1887 жылы былай деп жазыпты: «Гүлдің ірілігі мен әдемілігі көз алмайтындай. Гүл ашылысымен жылыхананы аралап кеткен жағымды хош иіс адамды рахатқа бөледі», - деген екен. Оның гүлі ақ, алқызыл, күлгін көк, қанқызыл болады. Қазақстанда аз мөлшерде Жайық өзені маңайында кездеседі.

ІІІ топ Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер


Жантақ пен сүттіген топырағында ылғал өте аз, аптапты ыстық жерде өседі. Ондай жерлерде су топырақтың өте терең қабатында ғана болады. Сондықтан тереңдіктен алған ылғалды үнемі пайдалануы қажет. Сондықтан жантақтың жапырақтары ұсақ әрі сирек, бұтақшалары тікенді келеді. Жантақ осындай бейімділіктерінің арқасында құрғақшылық жағдайларда өсіп, тіршілік ете береді.
Жантақ, сүттіген, жүзген, сексеуіл – құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер.
Үйге тапсырма: Ылғал сүйгіш өсімдіктер туралы мәлімет жазып келу,суретін салу.



Сабақтың соңы
5 минут



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет