Оқушыларды Негеш пен Эврика дайындаған өсімдіктер туралы хабарламамен таныстыру.
Қандай ақпарат алдың?
Бұл өсімдіктерге не ортақ?
Ойлан!
«Еркін жазу» стратегиясы бойынша оқушылар жеке параққа жазылым орындау.
Өсімдік әлемін қорғау үшін адам .....................
Жазылымды аяқтаған соң оқушылардың қалаулары бойынша жазбаларын оқиды.
Топтық жұмыс.
1. топ. Өсімдіктердің адам мен жануарларға қандай қажеттілігі бар? Мысал келтір, дәлелде
2. топ. Адам өз әрекетімен өсімдік әлеміне қалай әсер етеді?
3. топ. Өсімдікті қорғау үшін қандай шара қолданылады?
Бекіту.
І топ «Табиғатты аялайық» шығармашылық жұмыс
ІІ топ « Жасыл ел» сурет салу, қорғау
Тыйым салынады!
- Ағашты кесуге, сындыруға болмайды.
- Отты көрсең сөндір!
- Қалдық заттарды тастама!
- Ластауға болмайды.
- Табиғатты тиімді пайдалану керек!
Бір тал ексең, он тал ек.
ІІІ топ «Таза болса табиғат, аман болар адамзат»
Пайдалы және улы өсімдіктер, маңызы. Ізденіс жұмыстары бойынша әңгімелеу.
Қызыл кітаптың беттері әр түсті болатынын айту. Оқушыларды түстер(қара, қызыл, сары, ақ, жасыл) бойынша 5 топқа бөлу. Әр топқа өз түстеріне сәйкес парақ беру. Қызыл кітаптың парағы неліктен мұндай болуы мүмкін немесе берілген түстегі парақта қандай өсімдіктер болуы мүмкін деген сұраққа топ мүшелері ақылдасып, өз ойларын жазу және қорғау. Оқушылар жауаптары тыңдалған соң бейнематериал көрсетіліп, олардың жауаптары қаншалықты дұрыс екендігін тексеру.
Қызыл кітап жайлы бейнематериал
Табиғаттың шағым кітабы.
Жұппен оқулықтағы екі өсімдіктің шағымымен танысу. Жұпта әр оқушы бір өсімдікті таңдап алып, сол өсімдіктің шағымына жауап жазу. Жауаптарын бір-бірімен алмасып оқу.
Сен білесің бе?
Оқушыларды Қызыл кітап туралы ақпаратпен таныстыру. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркелгендігі жайлы айту.