Сабақтың тақырыбы Ғажайып фабрика



бет28/143
Дата21.09.2023
өлшемі29,11 Mb.
#109393
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   143
Байланысты:
ҚМЖ жаратылыстану (3 сынып)

8-12


12-22


22-30


30-32


32-35
35-38

  1. Салыстыр, жауап бер

- Бір-біріне ұқсайтын қандай жануарларды білесіңдер?
Бұл сұраққа оқушылар «қасқыр-ит», «мысық-жолбарыс», «қабылан-барыс», «кесіртке-саламандра», «есек-құлан» т.с.с жауаптар беруі мүмкін.Оқушылардың жауаптары тыңдалған соң оқулықтағы құлан мен кианг суреттері бойынша сұрақтар қою.

  • Суреттегі жануарларды білесіңдер ме?

  • Көргендерің бар ма? Қай жерден көрдің?

  • Жануарлардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?

  • Қандай ұқсастықтары бар?

  • Оларды бір-біріне «туыс» деп айтуға бола ма?

Бұл тапсырманы орындауда Венн диаграммасы стратегиясын қолдану. Суреттегі екі жануарды жұпта салыстыру.
1 Көршісімен «Артығын тап!» ойынын ойнауды ұсынады. Бұл ойын үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажыратуға үйретеді.

(Ұ) Өзекті мәселе (болжамдармен жұмыс):
- Қалай ойлайсыңдар, жануарлардың қайсысына өмір сүру қиынырақ?
-жабайыларына ма, жоқ, үй жануарларына ма?
- Неге олай ойлайсыңдар?
-Қандай жануарлар қауіптірек? Неге?
(Ұ, Т) - жабайы және үй жануарларының арасында қандай айырмашылық барлығын анықтау мақсатында бақылау жүргізуді ұсынады. Болжамдар.
Бақылау.
- суретті материалды пайдалана отырып, балаларға жабайы және үй жануарлары арасындағы айырмашылықты анықтауға көмектеседі. Педагог қорытынды жасауды ұсынады. Үй жануарлары адамның қасында тұрады, ал жабайылар – орманда. Адам үй жануарлары үшін қорасын, күркесін т.б. үйшігін салып дайындаса, ал жабайылар індерін өздері қазады, қуыс жасап, апанын төсейді. Адам үй жануарларына жем- шөбін беріп асыраса, жабайылар – тамақты өздері тауып жейді. Адам үй жануарларының ұрпағы туралы ойлап, қамқорлық білдірсе, жабайы жануарлар өз төлдерін өздері асырап өсіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет