(Ж)Талқылау сұрағы.
Мақсаты: өзара ақпарат алмау арқылы ауаның маңыздылығын анықтау.
Оқушылар жұппен сұрақты талқылайды.
/Ауа өсімдіктерге, жануарларға адамға тыныс алу үшін керек екендігін оқушылар айтуы тиіс. Сондай-ақ кейбір оқушылар жер бетіндегі тіршілік үшін ауа қабатының өте қажет екендігін атауы мүмкін. Ауаның жалпы Жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы туралы қорытынды жасаланады . Жұптардың жауаптары қайталанбауын қадағалаңыз/.
(Т) Суретпен жұмыс.
Мақсаты: өсімдіктер мен адамның тыныс алуындағы байланыс пен айырмашылықты анықтау.
Өсімдіктер мен адамдардың тыныс алуын сызба арқылы көрсет. Олардың байланысын анықта. Ауанық құрамын анықта.
/Оқушылар сызба арқылы өсімдіктер мен жануарлардың тыныс алу ерешелігі мен байланысын анықтайды. Ауаның құрамын анықтайды/.
(МК, Ұ)Ауа құрамымен танысу.Зерттеу.
Мақсаты: Ауаның құрамын сипаттау.
1-зерттеу.
Барлық оқушыларға зерттеу қорытындысын жазу үшін кесте таратылып беріледі.
Көлемі үш түрлі қорап алынады. Қорапта пайыздық көрсеткіштер көрсетіліп тұрады. 100%-ауа, оттегі-21%, көмірқышқыл газы-1%.
Үлкен қорап –ауа,
Орташа қорап – оттегі,
Кіші қорап – көмірқышқыл газы екені айтылады.
1-оқушы. Тапсырма. Үлкен қораптың ішіне орташа және кіші қорапты салыныз. Не байқадыңыз?
Ауа қандай газдардан тұрады?
Қорытынды жасаңыз.
/Сұрақтар оқушыға өзіндік қорытынды жасай алмаған жағдайда беріледі/
/Нәтижені оқушылар кестеге жазады/.
Ауаның құрамында оттегі-21%, көмірқышқыл газы-1%, және азот газы-78% бар.
/Өте аз мөлшерде басқа газдар да (неон, гелий, аргон) бар екенін айтып кетуге болады. Олар көмірқышқыл газымен бірге ауаның 1% құрайды/.
(МК, Ұ) «Проблемалық сұрақ»
Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту.
Ауа құрамындағы газдар жоғарыда көрсетілген қораптар тәрізді топтанып тұра ма?
/Оқушылардың жауаптары тыңдалады/.
2- зерттеу.
Мақсаты: сыни ойлауын дамыту арқылы ауаның газдар қоспасы екенін дәлелдеуге, қорытынды шығаруға дағдыландыру.
Оқушыларға шеңбер сызылған А3 форматындағы ақ қағаз, 78 жасыл түсті, 21 көк түсті, 1 қызыл түсті дөңгелектер таратылып беріледі.
Тапсырма: берілген дөңгелектердің түстерін араластырып жапсыр.
Не байқадық? Бұл дөңгелектер нені білдіріп тұр деп ойлайсыңдар?
/жасыл түс –азот, көк түс – оттегі қызыл түс –көмірқышқыл газы/.
Бұл тапсырмадан қандай қорытынды жасауға болады?
/Ауаның газдар қоспасы екенін көруге болады/.
Достарыңызбен бөлісу: |