(Ұ) Бейнежазба көрсетіледі. - Бейнежазба не туралы?
- Бейнежазба сендерге қаншалықты пайдалы болды?
/Оқушылардың жауаптары тыңдалады, өз ойын дұрыс жеткізе білуі, тұжырымдауы бойынша мұғалім ауызша бағалайды (жетістіктері айтылады)/ (МК, Ұ) Зерттеу. Мақсаты: Ауаның жануды қолдайтын қасиетін анықтау.
Мұғалім алдын ала екі балауыз және шыны ыдыс (стакан) дайындайды.
Дайындалған екі балауызды шырпымен жағады.
Оқушылардан осы бетінде жанып тұра берсе, не болатынын сұралады.
(Т)Суреттермен жұмыс. Мақсаты: ауаның жануды қолдайтын қасиетін анықтау және отты сөндіру тәсілдерін меңгеру.
Әр топқа қандай да бір өрт тұтанып жатқан сюжетті сурет таратып беріледі.
Тапсырма: Өртті сөндіру шарасын ойлап тауып, оны ауаның жануды қолдайтын қасиетімен байланыстыру керек.
-Өртті қалың матамен немесе киіммен жауып сөндіруге болады. Бұл кезде ауаның жолы бөгеледі.
- Өртті құм шашып сөндіруге болады.
- Сумен өшіруге болады.
-Өрт сөндірушілер көбік шашу арқылы өшіреді.
/Оқушылар сурет бойынша өз ойларын ортаға салады, толықтырулар мен түзетулер енгізіледі/. Үй тапсырмасы: Ауа құрамы туралы ақпарат бойынша тест құрастыру.