Айырмашылығын тап. Тапсырма заттардың себеп-салдар байланысын таба білу білігін дамытуға арналған. Оқушыларға оқулықтағы суретті қарап шығып, не бейнеленгенін анықтаын сұрау.
(Ғаламшарлар).
Олар қандай ғаламшарлар екенін білесіңдер ме? (Солардың бірі Жер ғаламшары – тіршілік бар жалғыз ғаламшар. Мұнда су, өсімдіктер, жануарлар, адамдар тіршілік етеді.)
Марсты таба алмай жатса, «оның түсі қандай?» деп, сұрақ қою. (Қызыл).
Ғаламшарлардың белгілері туралы еске түсіріп, «ғаламшарлардың қайсысы қызыл түсті әрі атауы ежелгі соғыс құдайының құрметіне қойылған?» – деп сұрау (Марс). Ғаламшарларды салыстыруды тапсыру (Жерде тіршілік бар, ал Марста тіршілік жоқ).
Әрі қарай Негеш пен Эвриканың суретіне назар аударту. Оқушылардан «екеуінің қайсысын Марсқа жіберер едіңдер? Неліктен?» – (Негешті жіберер еді, себебі ол ауа қоры бар скафандр киген).
Ауаның құрамы.Оқушылар назарын картоннан жасалған ауа құрамы диаграммасының үлгісіне аудартыңыз. Бұл диаграмманы торт секілді қарастыруды ұсыну
- «Торттың қай бөлігі ең үлкен?» (Азот)
- «Ауадағы оттек қайдан пайда болады? (Оттекті фотосинтез үдерісі кезінде өсімдіктер бөледі).
-«Дем шығарғанда қандай газ бөлінеді?» (Адамдар, жануарлар мен өсімдіктер көмірқышқыл газды бөліп шығарады)
-«Ауадағы басқа да газдар қалай пайда болады? (Зауыттан, көлік қозғалтқышынан шығатын газдар және т.б.) Қосымша ретінде оқулықта берілген инфографиканы да қолдануға болады) .
Мәтінді оқып танысу.
От пен ауа. - Ересектердің қалай от тұтатқанын көргендері бар ма,
-«От жақсы жануы үшін не істейді? (Отты үрлейді, үстінен қолмен желпиді).
- «Неліктен бұлай жасайды?»
Бұл сұраққа жауап беруі үшін жұппен бірігіп, оқулықтағы суреттерді қарап шығады. Одан әрі оларды: отты тұтандыратын және отты өшіретін екі топқа бөлу. Содан кейін бір-бірін бағалауды ұйымдастыру. Оқушылардың жұмыстарын бақылап, бақыла нәтижелерін формативті бағалауға қолдану.
Жауабы: От жанып тұрады: жел соққан жерде, Күн жақсы түскен жерде.
От жанбайды: жаңбыр жауған кезде, Айда, шыны қақпақ астында ауа болмайтындықтан, жана алмайды. Ормандағы алаңқай ылғал болғандықтан, от нашар жанады.
Ойлан. Оқушылардан: «Қай жерде тыныс алу жеңіл: ауылда ма әлде өнеркәсіп орындары дамыған үлкен қалада ма; орманда ма әлде биік таулы жерлерде ме? Неліктен?» – деп сұрап көріңіз (Ауылда, орманда, өйткені ол жерлерде ауада оттегі мол әрі зауыттар жоқ). Ауа құрамын қалай өзгертуге болады? (Мысалы, көліктерді қолданбай, велосипедпен және басқа да тасымал құралдармен жүруге болады)