(Ұ) Ұйымдастырушылық кезең. Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып, бір-біріне сәттілік тілейді. (Ұ) Жұмбақты шеш. Мақсаты: оқушылардың қызығушылығын арттыру, сабақтың тақырыбын анықтау. Соңыңнан қалмайды,
Тоқтасаң, тоқтайды.
Үйге іздеп бармайды,
Тығылсаң таппайды.
(Көлеңке) - Балалар көлеңкеге қарама-қарсы ұғымды қалай атаймыз? (антоним) - Жарық. - Ендеше, бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ? Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Бағалау критерийлерін шығару
слайд
Орта
5 мин
15 мин
7 мин
5 мин
(Ж) Топтастыр. Мақсаты: жарық көздерін анықтау, топтастыру, салыстыру, айырмашылығын анықтау.
Оқушыларға жарық шығаратын заттардың суреттері ұсынылады да оларды екі топқа бөлуін сұралады.
Олардың табиғаттағы жарық пен адамдардың қолымен жасалған жасанды жарық екендігі айтылады.
- Қайсысы көбірек жарық береді, майшам, шам немесе үстел шамы ма?
Осы заттарды көрсетіңіз, суреттерді (немесе атаулары) заттардан шығатын жарық деңгейі бойынша салыстырып және реттеп қойыңыз. - Қайсысы көбірек жарық береді, күн, ай немесе от па?
Осы заттардың суреттерін салыстырыңыз, жарық деңгейі бойынша реттеп қою керек. - Затқа жарық түскенде не пайда болады?
/Оқушылар көлеңкенің пайда болатынын айтады/
(Т, Ұ)«Бірге зерттейік!» Мақсаты: көлеңкенің пайда болу себебін түсіндіру, көлеңкенің обеъекті мен жарық көзінің ара-қашықтығына әсерін анықтау.
Оқушыларға шамның (фонарь) көмегімен көлеңкенің пайда болуы мен оның ерекшеліктерін бақылау ұсынылады. Бақылау төмендегі реттілік бойынша жүргізіледі.
Жарық көзі затқа бағытталған;
Жарық көзінің жоғарыға және төменге ауысуы;
Жарық көзінің оңға және солға ауысуы;
Жарық көзінің жақындауы және алыстауы;
Бақылауды жүргізу үшін оқушылардан шам жарығын таңдалған объектіге бағыттап, (топ қатысушысы, текше, қалам және т.б.) қадағалау нәтижелерін кестеге түсіруі сұралады.