Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі:
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 3
|
Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
Дыбыс деген тақырыпқа сарамандық жұмыс
|
Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтемеу)
|
3.5.3.1 Дыбыс көзі мен қабылдағыш арасындағы дыбыс қаттылығының қашықтықтан тәуелділігін түсіндіру
3.1.2.4 жүргізілген эксперимент нәтижелерін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытындылар жасау
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушылар қатты және бәсең дыбыстарды ажыратады. Дыбыстардың қуатын зерттейді.Олардың байланысын біледі.
|
Бағалау критерийлері
|
дыбыс қуатының әр түрлі болатынын біледі және оны сипаттай алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Дыбыс көздері мен олардың атауларын, қатты бәсең дыбыс сөздерін қолданады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
еңбек және шығармашылық, қазақстандық патриотизм және жаһандық азаматтық құндылықтарын дарыту
|
Пәнаралық байланыстар
|
Дүниетану, физика.
|
Алдыңғы меңгерілген білім
|
Дыбыс көздері мен дыбыстардың таралу жолдарын біледі.
|
Сабақбарысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтажоспарланғаніс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 минут
5 минут
|
(МК) Шаттық шеңбер «Қайырлы таң!»
Кел, жаныма тұр, сыныптас.
Өз алақаныңды маған аш.
Міне, менің қолым бос,
Жылуыма жылу қос!
/оқушылар тұрып бір-бірін қолдарынан ұстап сәттілік тілейді, рахмет айтады/
-Балалар, ғылымға кіріспе сабағын бастамас бұрын, осы сабағымыздың ұранын айтайық.
Терең ғылым сананың,
Тегі дөп ой саламын.
Маңыз беріп оқимыз,
Ғылымға кіріспе сабағын.
-Балалар, ғылымға кіріспе сабағының қандай пайдасы бар?
(Т)Тыңда! Анықта!
Мақсаты:Аспаптар туралы аудио тыңдату арқылы сабақтың тақырыбын ашу
-Бұл музыкалық аспаптардың қандай ортақ қасиеті бар деп ойлайсыңдар? /бәрі де үн, дыбыс шығарады/
-Ал қандай айырмашылығы бар? Олардың дыбысы туралы не айтуға болады? /кейбір аспаптардың дыбысы қатты, кейбіреулерінің бәсең болады/
-Ендеше бүгінгі сабақта не жайлы әңгіме өрбітеміз?
/оқушылардың жауаптарын тыңдау/
|