.Сүт ағашы Бразилияда өседі. Сиыр сүтінен ешбір кем емес екен. Ағашы бір сауғанда 2-4 литрдей сүт береді.
Нан ағашы: Үндістанда өседі.Оның жемісі асқабақ тәрізді.Дәмі бидайдың наны сияқты.Жергілікті тұрғындар қуырып ас етіп жеп, тоқаш пісіреді.
І-топ:Суретпен жұмыс/берілген сурет бойынша ауызша әңгіме құра/
ІІ-топ: «Есіңде болсын!»
/Өсімдікті қорғау ережелері/
ІІІ-топ:Ойыңды дәлелде/өлең шумақтарынан нені ұғуға болады, қара сөзбен әңгімеле
Ой қорыту І-топ:«Синквейн» әдісі 1. Не? өсімдік
2. Қандай? әдемі, жасыл
3. Не істеді? өседі, піседі, қурайды
4. Төрт сөзден тұратын сөйлем құра. Жасыл өсімдік жерде өседі.
5.Синоним. шөп
ІІ-топ:Сабақты бекіту. Өсімдіктер адамға не сыйлайды?
ВЕНН диаграммасы бойынша: Адам мен өсімдікке ортақ нәрселер.
ІІІ-топ: «Ойды аяқта...» әдісі. Ойыңды дәлелде/өлең шумақтарынан нені ұғуға болады, қара сөзбен әңгімеле/
Өлең жолдарын дәлелдеп, қара сөзбен қорытындылайды
Табиғат туралы ойларын жинақтайды.
Көбелектер тұрып ертемен, Күлімсіреп керілді
Бір -шықпен бетін жуды, Екі- шыр айналып бұрылды.
Үш-еңкейіп жерге жетті, Төрт дегенде ұшып кетті
Бес дегенде қонды.
Өлең шумақтарына байланысты қимыл қозғалыс жасайды
Сабақтың соңы: 5 мин
- Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау Заңы» бар. Сол Заңның38 бабында Табиғатты қорғау, оны таза ұстау – әр адамның міндеті делінген. Демек, оқушылар, келешекті көркейтетін сендерсіңдер! Олай болса, айналамызды көгалдандыруға қатысайық. Табиғатты қорғаңдар! Өсімдіктерді көбірек өсіріңдер!
Таза болса – табиғат, аман болар - адамзат!
Кері байланыс: -Сабақ түсінікті болдыма?
-Сабақ басындағы көңіл күйін қалай болды?
-Адам жануарлар мен өсімдіктерге не береді?
-Адамғажануарлар мен өсімдіктер не береді?
-Тағыда нелер білгің келеді?
- Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, алдарыңда жатқан гүлді қызыл түске боя.
- Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, жемісті сары түске боя.
- Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, жемісті көк түске боя.
Бағалау:Бағалау критерийлері арқылы оқушыларды бағалаймын