Сабақтың тақырыбы Ғажайып фабрика


Фотосурет көмегімен жауап бер



бет36/143
Дата21.09.2023
өлшемі29,11 Mb.
#109393
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   143
Байланысты:
ҚМЖ жаратылыстану (3 сынып)

Фотосурет көмегімен жауап бер. Оқушылар назарын суретке аудартыңыз. Оларды сипаттап беруін сұраңыз.
-«Бірінші суреттегі жорғаторғай не істеп тұр? (Тұмсығымен емен жаңғағын ұстап тұр).
-Қалай ойлайсыңдар, ол бір жерден екінші жерге емен жаңғағын тасығанда барлығын тұмсығымен ұстап тұра ала ма?
-Тиін күзде қысқа жинаған жаңғақтарының барлық орнын таба ала ма?
-Иттің түгінен не байқалады? (Ит жүгіріп өткен тоғайдағы өсімдіктердің тұқымдары). Олар шашылып қалуы мүмкін бе? (Иә).
-Шашылған, жерге түскен, ұмыт қалған тұқымдарға не болады? (Олардан жаңа өсімдіктер өсіп шығуы мүмкін).
-Жануарлар өсімдікке қандай пайда тигізеді? (Өсімдік тұқымдарының таралуына көмектеседі). Тіпті құмырсқалар да дәндерді илеуіне тасып, олардың таралуына жәрдем етеді.
Зертте. Бұл тапсырманы орындау үшін топтық жұмыс түрін ұйымдастыру.
Дифференциация
Саралап оқыту үшін ынтасы төмен оқушыларды бір бөлек отырғызу. Жұмыс жасау үшін жануарларға кейбір бөліктері пайдалы өсімдіктер туралы мәліметтер жазылып, дайындалған үлестірме парақшаларды қолдану.
Барлық топқа А3 пішіміндегі қағаз бен үлестірме парақшалар жиынтығын тарату. Плакаттың бір бөлігінің жоғарғы жағына «Өсімдік», екінші жағына «Жануарларға пайдасы» деп жазылады. Жеке бір топқа үлестірме парақшаларды екіге бөліп, әрқайсысына жарты мәтіннен беру.
Зерттеу жүргізу:
• Әрбір оқушы ақпаратпен дұрыстап танысуы тиіс. Қажет болған жағдайда энциклопедиядан қосымша мәліметтерді де оқуға болады.
• Плакаттың бір бөлігіне өсімдік сипаттамасы жазылған кестені жапсырады. Керісінше, екінші бөлігіне өсімдіктің бөліктерін және олардың жануарларға пайдасын жазуы керек. Мысалы, шыбынжұт – бүркеншік – тамақ.
• Алынған ақпаратпен топ ішінде алмасады.
• Талдау жасайды.
Жұмыс барысында оқушылар барлық өсімдіктің қажет екені туралы қорытынды жасайды.
-Талдау барысында «бұл өсімдіктер туралы бұрын естідіңдер ме?», Оларды пайдалы емес деп ойладыңдар ма?
-Адамдардың көбісі шыбынжұт пен кәдімгі утамырды көргенде не істейді? Олар мүлдеболмаса, не болар еді?
-Өсімдіктердің пайдасы туралы қайдан білуге болады? Бұл тапсырма оқушылардың дереккөз түрлерін анықтай білу дағдысын дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет