Сабақтың тақырыбы Ғажайып фабрика



бет35/143
Дата21.09.2023
өлшемі29,11 Mb.
#109393
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   143
Байланысты:
ҚМЖ жаратылыстану (3 сынып)

«Артығын тап» тапсырмасы. Оқушыларға шағын топқа бірігіп, әр қатардағы артық затты табуды тапсыру (көктерек, елік). Белгіленген нысандардың бір-біріне қандай байланысы бар екенін ойланып көруді сұрау (Елік көктеректің жапырақтары және бұтақтарымен қоректенеді.) Барлық пікірді тақтаға жазыңыздар.
Жанына қысқаша мысал келтіру: қоректену – қоян/шөп; бұғы/ағаш қабығы». Сабақтың барысында түзетулер жасап, толықтырып отыруыңызға болады. Сабақтың соңында міндетті түрде:
-«Сабақ басындағы болжамдарымыздың көбісі сәйкес келді ме? Қандай мәліметтерді толықтырып, нені алып тастадық?» – деп сұрап көру.
Тірі ағзалар арасындағы байланыс. Топпен жұмысты жалғастыру. Оқулықтағы суретке назар аударту. Ұқсастығын табуды тапсыру. Балалар еліктің бірінші суретте бейнеленген шөпті жейтінін айтуы мүмкін. Саралап оқыту мақсатында ынталы оқушыларға шағын әңгіме құрауды тапсыруға болады.
-«Өсімдіктер мен жануарлар не істейді?» (Қоректенеді).
-Бірінші суретте қандай үдеріс бейнеленген? (Фотосинтез үдерісі).
-«Өсімдік нені сіңіреді?» (Күннің энергиясын).
-Одан әрі не болады? (Оттек мен көмірсу, органикалық заттар.)
-«Қоректену арқылы жануарлар не алады? (Энергияны). Осылайша оқушылар жануарлар да өсімдіктер секілді қоректенетінін, өсімдіктерден энергия алатынын білетін болады.
Өмір үшін маңызды. Топқа бірігіп, суреттерге мұқият қарап, олардың ортақ ұқсастықтарын табады. Екі суреттен де балалар сулы жер мен ауа көпіршіктеріне көңіл аударып, соны байқауы ықтимал.
-«Суреттегі көпіршіктер нені білдіреді?» деп сұраңыз. (Өсімдіктер мен жануарлар су астында да тыныс алады.) Қажет болған жағдайда екінші сыныпта ауаның барлық жерде болатыны туралы жасалған тәжірибені есіне салу.
-Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысы құрғақ жерде де тыныс алады ма?
-Су астында байқалғандай көрінеді ме? (Тыныс алады, бірақ байқалмайды). «Фотосинтез үдерісі кезінде не болатынын еске түсіріңдер (көмірқышқыл газ сіңіріліп, өсімдіктен оттек бөлінеді).
-Бұл өсімдіктің тыныс алмай, тек көмірқышқыл газды сіңіретінін ғана көрсетпей ме? Барлық жауапты тыңдап көру. Жарықта өсімдіктерде өзара қарама-қарсы екі үдеріс (фотосинтез бен тыныс алу) қатар жүретінін айту. Қараңғыда өсімдіктер тек тыныс алады. Өсімдіктер мен жануарлар тыныс алмаса, олар өліп қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет