Жұмбақтар әлемі 1.Үңгірді жайлаған,сүйексіз,тиексіз, Жылмаңдап сайраған (Тіл) 2.Таппайтын тағат, Тығулы сағат (Жүрек) 3.Ағады 62 бұлақ бір қайнардан, 12 бұлағы бар шыр айналған. Ісіне таң қаламын құдыреттің, Бәрі де бір нәрсеге ыңғайланған (62 тамыр 12 мүше) 4.Сыртқа шығар жолы тұйық Түсі шымқай қызыл сұйық (Қан) 5.Көрші отырған көршілер, Бірін-бірі көрмейді. Қара түнек қос үңгір, Діңгегі асу бермейді (Көз бен мұрын)
Қорытынды. -Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?
-Сендер үшін не маңызды болды?
-Сабақтың басында айтылған мақсатымызға жеттік пе?
- Дене мүшелерінің барлығы сау болу үшін не істеуіміз қажет деп ойлайсыңдар?
(ҚБ)Бүгінгі сабаққа барлығымыз жақсы қатыстық. Бас бармақ арқылы озімізді бағалайық.
Рефлексия: Балалар алған білімдері бойынша өздерін өздері бағалайды. Бағалаудың үш сатысына стикерлер жапсырады.
1.Барлық дене мүшелерін атай аламын және олардың атқаратын қызметін білемін дегендер жетістік баспалдағының ең жоғарғы бөлігін таңдайды
2. Атауларын білемін, бірақ кейбір дене мүшелерінің қызметін білмеймін дегендер одан төменгі бөлігін таңдайды.
3. Білемін, бірақ шатастырамын дегендер төменгі бөлігін таңдайды.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады