«Судың иісі жоқ» ● Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады.
(балалар суды иіскеп көреді) ІІ.Судың пішіні бар ма? «Суда пішіні жоқ» Біз қазір судың пішіні бар ма, жоқ па соны тексереміз. (тәрелкеге су құю) Әрине жоқ, суды қай ыдысқа құйсаң ол сондай пішінді болады. ІІІ. Судың дәмі бар ма? «Суда дәм жоқ» Осыны да біз тексерейік, алдарында ыдысқа су құйылған. Сол суды түтікше арқылы ішіп көріңдер. (балалар суды ішіп көреді) Енді осы суға кейбіреулерің қант қосып көріңдер, ал басқаларың тұз қосып көріңдер. Суды ішіп көріңдер дәмі қандай болды екен? (балалардың жартысы суға қант қосады, ал басқалары тұз қосады, өздерінің сезімдері туралы айтады) Дұрыс суға біз не қоссақ, сол заттың дәмін сеземіз, ал судың дәмі жоқ екен. ІҮ. Судың түсі бар ма? «Су — мөлдір» Егер де бояу қосып жіберсек, оның түсі өзгереді. Оны да тәжирибе арқылы дәлелдейік. Стакандағы суға гуашь бояуларын қосайық. (балалар суға гуашь бояуын қосып араластырады, судың түсі өзгергенін айтады)д Сонымен қатар суды мен сүтті салыстырып көрейік, су бар стақанға қасық салайық, қасық көрінеді ме? Иә көрінеді, ал сүт құйылған стақанға қасық салсақ ол көрінеді ме? Жоқ көрінбейді, сондықтан судың түсі жоқ, ол – мөлдір екен. Балалар сонымен су – түссіз, дәмсіз, иіссіз, тұрақты пішіні жоқтабиғи ресурс.Осыны дәлелдеу үшін біз сумен тәжирибе жасап көрдік. Білесіңдер ме судың үш қасиеті бар – сұйық, қатты, бу.(үстел үстінде тұрған ыдыстағы су, мұз және қайнаған суды көрсету) Стақандағы суды тоңазытқышқа қойсақ, ол мұз болып қатып қалады. Ал мұзды жылы жерге қойсақ, ол еріп суға айналады. Суды шәйнекке құйып қайнатсақ, қақпағынан бу шығады, яғни бу болып ұшады. Мен сендердің қолдарына мұз беремін, ұстап көріңдерші не болады екен? (балаларға мұз беру, ол ери бастайды.)